Астана мен Алматыда митингтер өтті

Бүгін астана мен Алматыда рұқсат етілмеген митингтер өтті, нәтижесінде қатысушылар тұтқындалды. Астанадағы Абай және Республика көшелерінде, Алматыдағы Орталық саябақта және Гоголь көшесінде болған жиналыстар жайлы КазТАГ пен Vlast.kz жазып, оқиға орнынан Азаттық тікелей хабар таратты.

Алматыда не болды?

Митингке қатысушылар Алматының Орталық саябағына түскі бір шамасында жинала бастады. Vlast.kz-тің хабарлауынша ондаған адам алдымен саябақтың ішінде жиналған, сосын қатарға тізіліп саябақтың қақпасына қарай бет алды. Медеу ауданының прокуроры наразылық білдірушілерден тарауын сұрады. Оған қарамастан қатысушылар “бізде таңдау бар”, “саяси тұтқындарға бостандық”, “диктатура жойылсын” деп ұрандатты.

Данияр Молдабековтың суреті, Vlast.kz

Орталық саябақтың сыртында, Гоголь көшесінің бойында полицияның микроавтобустары және арнайы жасақтың қызметкерлері жиналды. Наразылығын білдірушілер қақпаға жеткенде, полиция қақпаны жауып тастады. Арнайы жасақтың қызметкерлері саябаққа кірді.

Митингке қатысушылар қақпадан кері шегініп, гүлзардың жанында тұрды.

Бірнеше сағаттан соң наразылар саябақтан шығып, Гоголь көшесінің бойымен 28 Панфиловшылар саябағына қарай бет алған кезде тұтқындала бастады. «КазТАГ»-тың хабарлауынша 50-60 адамнан құралған сап саябаққа жеткен жоқ, оларды Гоголь және Пушкин көшелері қиылысында тұтқындады.

Астанада не болды?

Бүгін астанада ондаған адам сайлауға бойкот жариялауға шақырды. Наразылар Абай және Республика көшелерінің қиылысында жиналып “халық шаршады”, “үкімет кетсін”, “шындықтан қашып құтыла алмайсың” деп ұрандатты.

Бірнеше адам оқиға орнында тұтқындалды. Жиналыс өткізу үшін әкімшіліктің рұқсаты қажет болғандықтан, полиция наразыларды тарауға шақырды. Алайда, митингке қатысушылар тұтқындалғандарды босатылуын талап етті. Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов және орынбасары Бақытжан Малыбаев барлығы тараған жағдайда тұтқындалғандарды босататынын айтты.

Алмас Жақсылықовтың фейсбук парақшасынан

Наразылардың саны жүзге жете бергенде Республика даңғылымен Кенесары көшесіне қарай қозғалды. Полиция автобустан наразыларды бақылады, бірақ ешкімді ұстамады. Алайда, халық конгресс-холлға жақындай бергенде, полиция қатысушыларды қамай бастады. Белсенділер наразылардан тарауын және бейбіт митинге өтініш білдіріп, заң аясында жиналуға шақырды. Полиция ондаған адамды тұтқындап, екі автобуспен алып кетті. Оқиға куәгерінің Vласт журналистіне айтуы бойынша полиция тек бір автобуспен 28 адамды алып кетті.  

Кейірінірек КазТАГ елорда полициясы тұтқындаған адамдарды босатқанын хабарлады. Абай және Республика көшелерінің қиылысында сағат 15.30 келіссөздерден соң полиция тұтқындалған ондаған адамды босатты. Ержан Сәденовтың айтуынша полиция  акцияға қатысқандардың ешқайсысына күш қолданбады. Мұндай факт тіркелген жағдайда кінәлілерді жауапқа тартатынына уәде берді.

Қазақстанда 1 мамыр күні болған митингтер жайлы ақпаратты Азаттық радиосының сайтынан таба аласыздар.

Сергей Ким
Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на телевидении и радио, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году. Возглавлял алматинскую редакцию проекта «Спутник-Казахстан», ведёт колонку медиакритики для проекта NewReporter.org