Алматыда 2019 жылдың 30-31 мамыры күндері “InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” Х ортаазиялық форумы өтеді. Форумда Орта Азия елдеріне тән мәселелерді билік пен медиа арасындағы диалог арқылы шешу жолдары қарастырылмақ.
Оныншы форумның тақырыбы: «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну»
Форумда не айтылады?
-
-
- Ақпараттық ортаға әсер етуі ықтимал (нейрожүйелер) интернеттегі негізгі технологиялық және құқықтық тенденциялар;
- Медиа және ақпараттық сауаттылық, фактчекинг;
- Желілік этика мен өзін-өзі реттеу;
- Пропаганда, өшпенділік тілі, жалған ақпарат, зорлық-зомбылық экстремизіміне аудиторияны оқыту арқылы қарсы тұру;
- киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау;
- Цифрлы білім беру;
- Аудиторияның мүмкіндігін арттыру мен олардың құқықтарын қорғауға арналған интернет сервистер мен өнімдер;
- БАҚ-тың кезектен тыс сайлау мен одан кейінгі қоғамдағы рөлі;
- Интернетте адам құқықтарын сақтауға арналған қолайлы құқықтық жағдайлар және т.б.
-
Қалай тіркелуге болады?
Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, форумға алдын ал тіркелу қажет. Ұйымдастырушылар сіздің тіркелгеніңіз туралы ақпаратты электронды почтаңызға жібереді.
Форма төменде:
Форумға баяндамашы ретінде 2019 жылдың 10 мамырына дейін тіркелуге болады: https://forms.gle/aPWKHRJ6RaoEXR2q6
Егер сіз форумға қонақ ретінде қатысқыңыз келсе, 2019 жылдың 27 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/UD8MQ65S8nTTmJr47
Контекст
Осымен оныншы рет өткізілетін форумға Қазақстан, Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-ның, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.