ЖАЛҒАН | Абаев Германиядағы басылымдарға арналған айыппұлдар туралы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың жала жапқаны үшін жазаны қатаңдатудың тапсырмасына түсініктеме бере отырып, былай деді:

«Бүгінде бұл – жалпы әлемдік үрдіс, оның ішінде демократиясы дамыған деген елдер де бар. Германияның өзінде жалған ақпаратты таратқаны үшін басылымға 50 миллион еуро айыппұл сала алатын түзетулер қабылданды».

Үкім | Жалған

Біріншіден, заң бойынша Германияда мұндай айыппұлдар басылымдарға емес, әлеуметтік желілерге қатысты. Екіншіден, БАҚ сайттары бұл Заң аясына мүлдем кірмейді. Үшіншіден, бұл жерде манипуляция бар, себебі Абаев айтқан Заңда бірінші кезекте өшпенділікке, конституцияға қарсы ұйымдарға және жеке тұлғаларды қорлауға қарсы әрекет ету туралы сөз болып отыр.

Сонымен қатар, бұл германиялық Заң Facebook-ті «құқыққа қарсы» контентті 24 сағат ішінде алып тастауға міндеттеген. Заң Еуропа ішінде де, одан тыс жерлерде де, оның ішінде «басқа елдердегі репрессивті заңдар үшін үлгі» деп атаған «Шекарасыз репортерлер» тарапынан да қатты сынға ұшырады.

Жалпы әңгіме не туралы?

Айтуға қиын, ерекше Заңның атауы – Netzwerkdurchsetzungsgesetz — «Әлеуметтік желілердегі құқықты қорғау», қысқаша — NetzDG. Заң қандай да бір шағым түскеннен кейін әлеуметтік желілерді 24 сағат ішінде Германия заңнамасына, атап айтқанда өшпенділік тудыру, Холокостты жоққа шығару, жеке тұлғаларды қорлау, қылмысқа итермелеу және т. б. туралы заңдарға сәйкес келмейтін контентті алып тастауға міндеттейді.

Технологиялық алпауыттар осы Заңның ережелерін орындауға мәжбүр болды және тұрақты түрде есептер жариялайды (әсіресе Google-дың деректері қызықты). Бірақ әлеуметтік желілер айыппұл төлеуге асықпайды, ал заңның өзін үнемі саяси партиялар мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары сынға алады.

2018 жылдың ақпан айында Human Rights Watch өкілі былай деді:

  • «…заңның екі негізгі аспектісі Германияның сөз бостандығын сақтау саласындағы міндеттемелерін бұзады. Біріншіден, үшінші тараптың пікірінің анықтамасы үшін жауапкершілік қандай да бір әлеуметтік желінің әкімшілеріне жүктеледі. Бұл ретте оларға сол пікірді талқылап, анықтаудан гөрі күмәнді контентті жою оңай әрі тиімді. Әрине, қандай да бір пікірдің мән-мағынасын анықтау, кейде, тіпті соттың қолынан келмейді, себебі ол контексттің, мәдениет пен құқықтың нюанстарын есепке алуды талап етеді. Сондықтан компаниялар шешім шығаруға берілетін қатаң уақыт шеңбері жағдайында және ірі айыппұл салу қаупі бар екіұдай жағдайларда сөз бостандығының пайдасына шешім қабылдау екіталай».
  • «…екіншіден, бұл заң, егер әлеуметтік желі әкімшілігі өз басын қорғай отырып, адамның сөз бостандығына немесе ақпаратқа қол жеткізу құқығын бұзған жағдайда сот бақылауын да, соттық қорғауды да  көздемейді. Мұндай жағдай ірі желілік платформалардың «бақыланбайтын аймақтарға» айналуына алып келуі мүмкін», ол жерде Үкімет сот билігінің қадағалауынсыз цензураны бөтен қолмен жүзеге асыра алады».

Алайда, NetzDG-ны жақтаушылар да бар. Мысалы, Reuters институтының мамандары. Олар БҰҰ баяндамасында заң «жазалауға бағытталған және демократиялық қоғамдардағы сөз еркіндігін бұзуға қабілетті» деп аталғанына қарамастан оны жақтаушылардың қатарында. (Баяндама төменде келтірілді, көрсетілген абзац 7-бетте 16-тармақта.)

G1809672

Әділдік үшін айтайық, БҰҰ әлеуметтік желілерден жауапкершілікті алып тастауға шақырмайды. Біз жоғарыда жазғандай – басылымдар, яғни БАҚ және олардың сайттары — NetzDG-ға түспейді.

Қорытынды

Министр Абаев фейкпен күрес туралы айта отырып, эфирге фейк берді, ал БАҚ оны тексермей таратты, тіпті басты тұжырымдардың бірі ретінде шығарды.

Дегенмен, бұл министрдің өз профилі бойынша нақты сөйлемеуі алғашқы рет емес.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz