Зейнет жасын арттыру мүгедек халық санын көбейте ме?

19 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында Ерлан Смайлов жұмысшылардың жағдайына қатысты бірқатар дерек келтірді. Оның үстіне, депутат сөзінше, «‎зейнетке шығу жасының 1 жылға артуы, мүгедектігі бойынша зейнеткер санын 7-9%-ке көбейетеді».‎ Factcheck.kz Смайловтың айтқанын тексерді.

Депутат Смайловтың мәлімдемесі

Мәлімдеме: Зерттеулердің бірінде ресейлік ғалымдар келесі сандарды келтіреді: зейнетке шығу жасының 1 жылға артуы, мүгедектігі бойынша зейнеткерлердің санын 7-9%-ке, 2 жылға артуы 15-17%-ке, 3 жылға артуы 24%-ке көбейтеді!

Ерлан Смайлов

Үкім: Үкім жоқ

Шынымен-ақ бірқатар Ресейлік басылым 2015 жылы депутат айтып отырғандай мәндегі «‎Ресей Федерациясында зейнет жасын арттыру факторларын актуарлы-статистикалық талдау»‎ тақырыбында мәтін жариялаған. Материалда жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасының ұлғаюы халық арасында мүгедектік деңгейі бойынша зейнетақы алушылар санының едәуір өсетіні айтылған. Алайда, мұндай зерттеулер сирек кездесетіндіктен әрі бұл гипотезаны қайта тексеріп, дәлелдеу керектігін ескеріп, біз бұл тұжырымды үкімсіз қалдырдық.

Экономист Мақсат Халық Factcheck.kz-ке берген пікірінде ел арасында мұндай тұжырымның барын, бірақ оның ғылыми негізі жоқтығын айтады.

Ал әлеуметтанушы Серік Бейсембаев «‎осындай корреляция бар екені анық, бірақ бұл екі көрсеткіш бір-бірінің себебі бола алмайды. Зейнетақы жасы жоғарылаған сайын адамдар жас бойынша емес, мүгедектік статусы бойынша зейнетке шыға бастайды» дейді.

Зерттеу туралы бірер сөз

Зейнет жасын арттыру мүгедек халық санын көбейте ме?
Зерттеушілер: Зейнет жасының өсуі мен оған мүгедектік көрсеткішінің ықтимал қатынасы

Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасының ұлғаюы халық арасында мүгедектік бойынша зейнетақы алушылар санының едәуір өсуіне себеп болады. Зейнетке шығу жасының бір жылға өсуі мүгедек зейнеткерлердің санын, есеп бойынша, 7-9%-ке, екі жылға —15-17%-ке, үш жылға — 24% -ке және т.с.с. көбейтеді.

Зерттеу авторлары

Авторлар зейнет жасын ұлғайтудың экономикаға ықпалын, күтілетін өмір ұзақтығын шетелмен салыстырып, деректерді сараптап, мынадай тұжырымға келеді: «‎Осылайша, зейнетақы жасын көтеру проблемасын кешенді статистикалық талдау зейнетақы жасын ықтимал көтерудің экономикалық нәтижелері біздің еліміз үшін зейнетақы жүйесіне қатысты “сыртқы” макроэкономикалық және демографиялық факторлар бойынша шектелгенін, ал теріс әлеуметтік нәтижелер тарихи қалыптасқан зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерімен негізделгенін көрсетеді. Бұл ретте зейнетақы жасын көтеру мифтегі мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуге емес, сақтандырылған адамдардың зейнетақы құқықтарын қалыптастыруды ұзақ мерзімді перспективада экономикалық ынталандыруға ғана бағытталуға тиіс».

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz