WhatsApp жаппай хабарлама тарататын қолданушыларын сотқа береді

WhatsApp мессенджері қызмет көрсету шарттарын бұзып, автоматты түрде немесе жаппай хабарлама тарататын қолданушылармен соттасуға дайын екенін мәлімдеді. Компанияның сайтындағы мәлімдемені RTVI басылымы жариялады. 

Компания мессенджерді жеке хаттармен алмасу платформасы ретінде жасағанын айтты. Сол себепті, қолданушыларын автоматты түрде немесе жаппай хабарлама таратумен айналысатын адамдардан, ұйымдардан, сондай-ақ WhatsApp-ты «өзге мақсатта» қолдануға тырысатындардан қорғағысы келеді.

Компания өкілдерінің айтуы бойынша «кейбір компаниялар» ережелерді, бұзақыларды анықтайтын алгоритмдерді айналып өткісі келеді. Сол себепті WhatsApp мессенджердің қызметін асыра пайдаланатын қолданушылармен соттасуға дайын.  

2019 жылдың 7 желтоқсаннан бастап, WhatsApp мессенджердің ережелерін бұзып қолданатынын мәлімдеген адамдарға қарсы сот ісін жүргізуді жоспарлап отыр.