Украинаның экс-президенті Петр Порошенко тергеуге дайын

Мемлекеттік тергеу бюросы (МТБ) Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконы “Прямой” телеарнасының сатып алу-сату кезінде салық төлеуден жалтару туралы ісі бойынша үш сағат бойы куәгер ретінде жауап алды.  Тергеу аяқталғаннан соң брифингте Порошенко өтірік айтқанды анықтайтын детектормен тікелей эфирде барлық сұраққа жауап беруге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды «Коммерсант»

«Мен олардың басшылығына сенбеймін (МТБ).- ред.),  тергеудің объективтілігі мен бейтараптығына сенбеймін. Мен “Прямой” арнасында тікелей эфирде детектордан өтуге дайынмын» деп хабарлады Порошенко. Ол “Прямойдың” басқармасына немесе меншігіне ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Өткен аптада бұрынғы президент әкімшілігінің орынбасары заңгер Андрей Портнов Порошенко мырза  жалған келісімшарттар бойынша офшорлық және басқа да юрисдикцияларға миллиондаған валюта аудару туралы қылмыстық істің басты кейіпкері болғанын хабарлады. Оның айтуынша іс бойынша Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Валерий Гонтарева мен “Укроборонпром” шенеуніктері де тексерілуде. Кейін Портнов мырза саясаткер мен оның жақындары 2018 жылы шекарадан заңсыз өткенін мәлімдеді.

МТБ  директоры Роман Труба бұған дейін Порошенко мырзаға қарсы 11 қылмыстық іс қозғалғанын, оның ішінде Керчен бұғазындағы оқиғаға байланысты іс қозғалғанын хабарлады.

Factcheck.kz