Түркістан әуежайы Гиннестің рекордтар кітабына ене ала ма?

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов 12 қыркүйекте, өзінің Facebook парақшасында, Түркістанда салынып жатқан Hazret Sultan Airport әуежайы әлемдегі ең жылдам салынған аэропорт болып Гиннестің рекордтар кітабына енуден дәмелі екенін жазды. Біз мұның қаншалықты мүмкін немесе мүмкін еместігін тексеріп көрдік.

Бұған дейін, Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтындағы ақпаратқа сай, “жылдам салынған әуежай” титулын ешбір әуежай алмаған. (Алайда аумағы ең үлкен, жүгі ең көп аэропорттар және т.б. бар). Мұның себебі әуежай көлеміне қатысты болуы мүмкін. Себебі қандай да бір ғимарат қаншалықты тез салынса да, оның көлемі кіші болса, оған әлдеқандай атақ беру мәнін жоғалтады. Мұндай титул туралы ақпарат Халықаралық әуежайлар кеңесінің сайтында да жоқ.

Оның үстіне Гиннестің рекордтар кітабындағы “Белгілер бір шамадан тыс негізделген және бір өлшем бірлігінде өлшене ме?” деген талабына сай келуі керек. Және ресми сайттың жазуынша, жаңадан келген 60%-ке жуық өтінім тексерістен өтпейді.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтитын болады. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланған. Әуежай жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

Тақырыпқа сай фактчек:

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы жаңа әуежай мен Шымкент қаласында салынып жатқан әуежай терминалының құрылыс уақытын салыстырған ақпарат тарады. Біз ол жердегі хабардың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрдік.

Шымкентте терминал салып біте алмай жатқанда, Түркістанда жаңа аэропорт құрылысы аяқталды. Екі күннен соң, 1 қазанда Шымкенттегі Халықаралық әуежайдың жаңа терминалы пайдалануға берілуі керек еді. Оның құрылысы 2019 жылы басталған.

Әлеуметтік желідегі ақпарат

Үкім: Манипуляция

Үшінші мегаполистің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтындағы ақпаратқа сай, “Шымкент қаласының әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы” былтыр емес, 2018 жылы басталған. Биыл құрылыс аймағына барған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жалпы жобаның аяқталу уақыты 2020 жылдың қазан айы емес, желтоқсан екенін айтқан.

Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі былтыр аяқталды, ал биыл сәуірде екінші кезеңнің 43%-ті біткені туралы хабарланды.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz