Трамп: Меган Маркл жайлы айтқан жағымсыз сөзді БАҚ ойдан шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында Сассекс герцогинясы Меган Маркл жайлы айтқан жағымсыз сөзін фейк жаңалық деп атады. Оның айтуынша ханзада Гарридің жұбайын ешқашан “жиіркенішті” деп атамаған.

Америка президенті твиттерде «Мен Меган Марклды ешқашан “жиіркенішті” деп атаған жоқпын. Бұл фейк жаңалық жасайтын БАҚ-тардың ісі. CNN, New York Times және басқа басылымдар кешірім сұрайды ма? Оған сенімді емеспін» деп хабарлады.  

https://platform.twitter.com/widgets.js

Үкімі: Жалған

Трамп оның Меган Марклға қаратып айтқан сөзін алғашқы болып жариялаған The Sun басылымы жайлы ештене айтпады. Себебі The Sun сайтында Трамптың сұхбат барысында Маркалды nasty (жиіркенішті, жағымсыз) деп айтқанын дәлелдейтін аудиожазба жарияланды.  

Аудиожазбаға қарағанда Трамп Марклға бағытталған сынға жауап берді. Трамп бұл жайлы бірінші рет естіп тұрғанын айтты. Маусымның 1-і күні жарияланған аудиожазбада Трамптың :

«Мен мұны білмедім. Не дей аламын? Оның жиіркенішті екенін білмедім» деген сөздері жазылған. 

Трамп: Меган Маркл жайлы айтқан жағымсыз сөзді БАҚ ойдан шығарды

Трамп CNN мен New York Times сайттарын осымен бірнеше рет «”жалған ақпарат” өндірушілер» деп атап келеді. Президенттің бұл сөзіне оқырмандары сенеді. Алайда бұл жолы АҚШ президентінің өзі жалған сөйлеп отыр.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz