Telegram Гонконгтағы пайдаланушылардың дерегін сатпайды

Ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңның талаптарына қарамастан, Telegram жергілікті соттардың сұратуы бойынша Гонконгтағы пайдаланушылардың дерегін таратпайды. Бұл жайлы Hong Kong Free Press хабарлайды.

Мессенджер өкілдері “қалада ағымдағы саяси өзгерістерге қатысты халықаралық консенсусқа жеткенше” бұл ұстаным өзгермейтін болады дейді.

Дегенмен терроризмге байланысты кейбір сұрауларға өзгерістер болады. Егер компания Telegram пайдаланушысы терроризмге қатысты деген күдік тудырып, оны растау үшін сот бұйрығын алса, компания тиісті органдарға сол адамның IP-мекен-жайын және телефон нөмірін беруі мүмкін.

Маусым айында Гонконг ҚХР-дың ұлттық қауіпсіздік туралы заңның қабылдануына байланысты кейбір мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден бас тартты. Жаңа акт бойынша билік наразылық акцияларға қатысушыларды сепаратизм, терроризм, мемлекеттік билікке нұқсан келтірді және шетелмен ымыраласты деп айыптауы мүмкін.

Құқыққорғаушылардың айтуынша заңда террорлық іс-әрекетті жан-жақты түсіндіруге болады. Тіпті вандализмді терроризм деп атауға болады.

Factcheck.kz