Тәжірибе: BBC жаңалықтар легін кастомизациялайды

Тәжірибе: BBC жаңалықтар легін кастомизациялайды

BBC сайтының бағдарламашылары оқырман үшін қажетсіз сөздері бар жаңалықтарды басты бетте “жасырып қоюға” мүмкіндік береді. Reuters Digital News Report-тың хабарлауынша оқырмандардың үштен бірі жаңалықтар олардың психикалық денсаулығына әсер етеді деп ойлағандықтан, сайтты жауып тастайды.

Сол себепті BBC белгілі бір жаңалық оқырманға жағымсыз әсер етсе, оны жаңалықтар легінен алып тастауға мүмкіндік беру шешімін қабылдады.

Ақпаратты сүзгілеу ұтымды шешім емес. Мысалы, Guardian сайтында “мұрагер ханзаданың туу туралы жаңалықты көрсетпеу” сүзгісін жасалды, ал кейбір оқырмандар Трамп жайлы жаңалықты оқығысы келмесе, басқалары “тек жағымды жаңалық” сүзгісін орнатады екен.

Дегенмен, BBC сайтында жаңалықты “көрмеу” сүзгісі, оны сайттан толық өшіріп тастамайды. Оның орнына, оқырман көргісі келмейтін сөзі немесе суреті бар жаңалық сайтта бұлыңғыр болып тұрады. Ал, сайтқа қайта кірген кезде браузер оқырман көргісі келмейтін жаңалықтардың пайда болғанын ескертеді.

Сонымен қатар, ВВС жаңалықтың “жағымды, орташа немесе жағымсыз” екенін анықтайтын жүйе әзірлеуде.

Factcheck.kz