Татарстанда халықтың дербес дерегі тарап кетті

Мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың жеке мәліметтері ( СНИЛС, ЖСН, Т.А.Ә. және т.б.) сақталған кезекті ашық деректер базасы жалпыға қол жетімді болды. Татарстан Республикасындағы uslugi.tatar.ru мемлекеттік қызметтер сайтының мәліметтер базасында ақау пайда болды.

Ақауды мәліметтерді қорғау бойынша белгілі маман Боб Диаченко анықтады. Ол бұл туралы (деректердің ұрлануын болдырмау үшін) ресейлік әріптесі, DeviceLock техникалық директоры Ашот Оганесянға айтты. Оганесян базаны тексеріп, мәліметтердің баршаға қолжетімді екенін растады.

Оганесян Татарстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар цифрлық даму министрлігіне ескерту хат жолдады. Министрлік алғыстарын білдіріп, жедел түрде шара қабылдауға уәде берді. Алайда мәліметтер бір тәулік бойы қолжетімді болды.

Алаяқтар бұл мәліметтерге қолжеткізді ме, жоқ па белгісіз. Қалай болғанда да, сарапшылар тарап кеткен мәлімттерді қара нарықтан таба алмады.

Factcheck.kz