RTVI: Ресейлік БАҚ Скрипальдар ісі бойынша Путинді ақтауға асығуда

Лондон полициясы контртеррористік бөлімшесінің басшысы Нил Басу Ресей президенті Владимир Путиннің 2018 жылдың наурыз айында Солсберидегі Скрипальдардың улануына қатысы бар екенін дәлелдей алмады деп хабарлайды Интерфакс.  RTVI  осы және оcыған ұқсас жаңалықтарды дәстүрлі “Инфошум” айдарында орналастырды. Неге екенін түсіндеріміз. 

Скотленд-Ярд Путиннің бұл іске қатысын зерттеді. Бірақ, Басудың айтуынша, айып тағу үшін полиция Ресей Президенті мен Скрипальдарға шабуыл жасау арасындағы тікелей байланысты дәлелдеуі керек. Басу:

“Бізде айып тағуға мүмкіндік беретін дәлел жоқ” – деді.

RTVI бұл жаңалықты “Ақпараттық дүрбелең” айдарына қосты. Себебі, Скотланд-Ярд тергеудің соңғы қорытындыларымен емес, тек егжей-тегжейлерімен бөлісті. Мұны  Guardian мақаласында Басудың өзі де растады.

Қазір Британдық полиция дәлелдің жоқтығынан тұтқындау үшін еуропалық ордер (EAW) шығара алмайды. Дегенмен, болашақта мұндай дәлелдердің табылмайтынын білдірмейді. Нил Басу:

«Кім жауапты және кім бұйрық бергені туралы алыпқашпа әңгімелер көп болды. Мұның барлығы Ресейлік сарапшылардың бағалауына негізделген. Мен дәлелдемелерге сүйенуге тиіс» деді. 

ГРУ-дың бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль және оның қызы Юлияның улануына Путиннің қатысы бар деген нұсқаны Ұлыбритания барлау қызметі қарастыруда. Арнайы қызметтер Скрипальдарға шабуыл Ресей Президентінің санкциясымен байланысты деген пікірде.

Дегенмен, Скотланд-Ярд Ресей Президентінің бұл іске қатысын дәлелдей алмағаны туралы 30-ға жуық ресейлік басылым жазды. Кейбір жасылымдар Лондонның “шарасыздығы” немесе Путиннің “ақталуы” жайлы жазды.

Factcheck.kz