Пандемия басталғалы Қазақстанда 589 полиция коронавирус жұқтырған

Сейсенбі күні өткен брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп берді. Министрдің айтуынша пандемия басталғалы Қазақстанда 589 полиция қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл жайлы Vlast хабарлайды.

Тұрғымбаев денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен басқа, ІІМ қызметкерлеріне де вирус жұқтыру қаупін төнгенін хабарлады. Себебі блокпостарда 7 мыңға жуық полиция жұмыс істеген.

Оның үстіне полиция адамдар көп жиналатын жерлерде жаяу жүріп, қызмет еткен, физикалық түрде тікелей байланыс болды. Полиция қызметкерлерінен 589 ішкі істер органдарының қызметкері вирус жұқтырды, бүгінде 419 қызметкер емделді, 170 әлі карантинде емделіп жатыр.

Министр полиция қызметкерлері арасында коронавирустан өлім жағдайы тіркелмегенін атап өтті.

Factcheck.kz