Нұр-нейминг: Қазақстанда «Нұр-» атауына ие қанша мекеме бар?

Заманалы Қазақстанда «нұр» сөзі жеке мемге айналып, кез келген топонимді көріктендіріп, беделіне автоматты түрде 100 ұпай қосып жібереді (бұл әсіресе Қазақстан астанасының атауын өзгерткенде байқалды). Біз отандық нұр-неймингті жүйелеп, елімізде қанша мекеме осы атауға ие екенін санап және осы атау шынымен жетістікке жеткізе ме деген сұраққа жауап іздедік. Соған қоса, сіздерге заңды тұлғаларды қалай іздеуге болатынын көрсетіп, статистиканың қызықты тұстарымен таныстыруға тырыстық.

Нұр-ды іздеу жолында

2018 жылдың соңында ҚР-да 436 078 заңды тұлға тіркелген. Салық төлеушілер тізімі (біз жиі пайдаланамыз және сіздерге де кеңес береміз) және басқа да МКК мәліметіне сенсек, олардың 280 мыңы белсенді түрде жұмыс істейді, ал 4 мыңнан астамында Нұр, Nur немесе Нур деген атау бар (бұл тізімнен Нұр-Отан партиясының бөлімшелері алынып тасталды).

Бұл тізімдегі барлық атаулардың 1%-ға жуығы, есімнің әртүрлі болуы мүмкін екенін ескерсек, бұл үлкен көрсеткіш.

Нұр-нейминг: Қазақстанда «Нұр-» атауына ие қанша мекеме бар?

Халықтық Нұр

Біз Қазақстанның салық төлеушілер тізімі мен «Учет.кз» және «Компра.кз» базасын негізге аламыз, ал мәліметтерді спутниктік карта мен халықаралық 2ГИС картографиялық компаниясының мәліметтерімен сәйкестендіреміз.

МАҢЫЗДЫ(!) | Мақалада келтірілген 2ГИС мәліметтері толық «Нұр» атауы бар компанияларды ғана есептейді (яғни Нұр-Сұлтан, Нұрлан, Астана-Нұр, Нұр-Ас немесе Нұр-Жастарды қоспағанда).

Бірінші орында Алматы тұр, мұнда 600-ден аса мекеменің атауында «нұр-» бар (2ГИС нұсқасы бойынша 63-і танымал және белсенді «Нұрлар»).

Нұр-нейминг: Қазақстанда «Нұр-» атауына ие қанша мекеме бар?
Астанадағы Нұр

Нұр-нейминг рейтингінің екінші орнында Нұрсұлтан атауына ие (бұл бөлек зерттейтін тақырып) Қазақстанның астанасы тұр.  Мұнда да 600-ден аса нұр-мекеме (олардың жартысы қала атауының өзгеруіне қатысты пайда болды) және вакуумдағы мінсіз 54 «Нұр» бар. Ең ерекшелері – монша, сыра дүкені және самса сататын дүңгіршек.

Ең nur-free қала Орал болып шықты (тізімде 29 мекеме және 2ГИС-тегі 16 «Нұр»).

Қала (тұрғындар саны бойынша) Нұрланғандар
Алматы 689
Астана 654
Шымкент 468
Қарағанды 135
Ақтөбе 139
Тараз 99
Павлодар 57
Өскемен 36
Семей 46
Қостанай 61
Атырау 72
Қызылорда 180
Орал 29
Петропавл 31
Ақтау 128

«Нұр» деп нені атайды?

Нұр-компанияларды қызметі бойынша орналастырғанда Астанада (мемлекет бойынша да) жалға алу саласы көбірек.

Нұр-мекемелердің көпшілігі азық-түлік дүкендері. Одан кейін мини-маркеттер, асханалар мен сән салондары тұр.

Нұр-нейминг: Қазақстанда «Нұр-» атауына ие қанша мекеме бар?

Әртүрлілік, әсіресе, Ақтау қаласында байқалады. Мұнда «Нұр» атауы дүкендерден бөлек хостел, лезгинка мектебі және мал сою бөлімшесіне берілген. Көршілес Атырауда нұр-компаниялардың арасында жанармай бекеттері көш бастап тұр. Қалада 3-еуі бар, 2ГИС мәліметінше, ел бойынша басқа нұр-жанармай бекеттері жоқ.

Бірақ 2ГИС-те тіркелген нұр-көлік жуу орындары Қазақстанда кем дегенде 5-еу – Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар және Ақтауда.

Ерекше компаниялардың тізімінде өскемендік ұялы телефон, аксессуарлар және … шина сататын дүкен бар. Екеуінің бір-біріне қандай қатысы бар екенін түсіне алмадық.

Қазақстанда алкогольді ішімдік сататын нұр-дүкендер де бар. Олар Астана мен Павлодарда, ал Теміртаудан нұр-барды таптық.

Және, әрине, Шымкент. Мұнда «Нұр» банкет залы, автожабдықтар дүкені мен «НҰР 777» атауы бар азық-түлік дүкені бар. Осыған аттас қоғамдық көлік тоқтайтын аялдама, сонымен қатар «Нұр Комитет» коллекторлық агенттігі бар.

Нұр-нейминг: Қазақстанда «Нұр-» атауына ие қанша мекеме бар?

Нұр-неймингтің тиімділігі

Мұндай нейминг мекемелерге не береді деп ойладық. Атаудың қандай да магиялық тиімділігін бағалауға бола ма? Бағалай алатынымыздың бір дәлелі – «нұры» бар және жоқ, жұмыс істейтін және істемейтін (банкрот болған)  мекемелер.

Uchet.kz және Kompra.kz мәліметіне сенсек, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін нұрлардың қатынасы 1/9, яғни 1 жұмыс істемейтін/банкрот заңды тұлғаға 9 жұмыс істейтін немесе 10 % жұмыс істемейтін заңды тұлғадан. Сонымен қатар, қала қаншалықты көп нұрланған болса, сәтті нұр-мекемелердің пайызы да жоғары. Алматыда жұмыс істемейтін 54 нұр-компания бар, ал Талдықорғанда бір ғана нұр-мекеме банкрот болған. Бұл елдегі орташа 46%  банкрот және жұмыс істемейтін мекемелерді есептегенде өте жақсы көрсеткіш.

Есімдер сыры мен нумерологияны оқымай қорытынды шығару қиын, бірақ нұр-нейминг құпия тәсілмен қазақстандық кәсіптің кейбір бөлігіне аяғына нық тұруға көмектеседі.

Ашық дереккөздер

1. ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
2. ҚР мемлекеттік кірістер комитеті
3. Kompra.kz контрагенттерін тексеру
4. Uchet.kz ақпараттар базасы
5. Спутниктік карталар
6. Қазақстандағы 2ГИС базасы

Ашық деректермен жұмыс істеу тәсілі туралы материалымызды сайттың арнайы бөлімінен оқыңыз

Factcheck.kz