Microsoft Skype қолданушыларының әңгімелерін тыңдағанын мойындады  

Microsoft корпорациясы құпиялылық саясатын жаңартып, пайдаланушылардың әңгімелерін тыңдағанын мойындады. Компания Cortana және Skype Translator қолданушыларын корпорация қызметкерлері мен мердігерлері дыбыстық деректерді жинауға құқылы екендігін ескертеді. Бұл жайлы Reuters және Vice  басылымдары хабарлады.

Microsoft өкілі хабарлағандай, компания ұсынатын қызметтерді жақсарту мақсатында деректерді жинайды, сондықтан кейде  бөгде мердігерлерден көмек сұрауы мүмкін. Компания өкілі:

«Біз құпиялылық саясатымызды нақтылап, өнімдерімізге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарға өзгерістер енгіздік. Сонымен қатар, болашақта қажет болуы мүмкін амалдарды орындаудамыз» деп хабарлады. 

Бұрын компанияның құпиялылық саясатында қызметкерлердің әңгіме жазбаларын тыңдау құқығы туралы тармақ болмаған. Енді ” жеке деректерді өңдеу автоматты түрде де, қолмен де жүргізіледі» деген тармақ қосылды. 

Vice басылымы бұрын Apple, Google және Facebook қызметкерлеріне аудио жазбаларды тыңдауға тыйым салғанын хабарлады.

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз