Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?

13 маусым күні халықаралық The Diplomat журналында Қазақстандағы Орта Азиялық мигранттар туралы мақала жарияланды. Мақалада соңғы жылдары Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар санының өскені жайлы жазылған. Және автор бұл қарқын жалғаса берсе жақын арада Нұр-Сұлтан мигранттар саны бойынша Мәскеуге бәсекелес болуы мүмкін екенін атап өтеді. Factcheck.kz бұл жөнінде бірнеше деректерді тексеріп көрді. 

Мазмұны

“Ресейдегі иммигранттардың саны кемуде. 2018 жылы мигранттар санының өсімі Ресей тарихындағы ең аз көрсеткішке жетті”

Үкім: Манипуляция

2018 жылы Ресейде мигранттар санының өсімі антирекорд болғаны рас. Бірақ бұл көрсеткіш елге келгендер (иммигранттар) мен кеткендер (эммигранттар) санының айырмасынан тұратындығын ескеру керек. РФ Статистика комитетінің ұсынған деректерінде, 2018 жылғы көрсеткіш, елден кеткен эммигранттардың есебінен кемігенін көруге болады. 

Төмендегі кестеден соңғы жылдары Ресейден қоныс аударғандардың саны біршама өскенін көре аласыздар. Демек, автор айтқандай еңбек иммигранттарының кемуі рекордтық көрсеткішке жеткен жоқ. 

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
скриншот: РФ статистикалық комитетінің деректерінен

“Қазақстанға жұмыс күшін экспорттаушы елдердің арасында Өзбекстан алдыңғы орынға шықты. Өткен жылы Қазақстанннан Өзбекстанға аударылған ақша 2017 жылмен салысырғанда 1,5 есе, ал кейбір айларда 2 есе өскен.”

Үкім: Жартылай шындық

Ұлттық Статитика комитетінің ұсынған деректеріне сәйкес 2018 жылы  Қазақстанға қоныс аударған Өзбекстандық мигранттардың саны 4 385 адамға жетті. Бұл көрсеткіш сол жылдың көрсеткіштерімен салыстырғандағы ең үлкені. Бірақ  2017 жылдың деректерімен салыстырсақ келгендердің саны  587 адамға азайғанын көреміз.

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
скриншот: ҚР Статистикалық комитетінің деректерінен

Ал 2017-2018 жылдары аударылған ақша жөніндегі деректерді тексеру үшін ҚР Ұлттық Банк төрағасына сауал жолдадық. Ресми деректерге сүйенсек 2018 жылы жеке тұлғалар Қазақстаннан Өзбекстанға 130,2 млрд. тенге аударған. Бұл сома 2017 жылғы көрсеткіштерменен салыстырғанда 1,5 есе емес 1,1 есе көп.

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
скриншот: ҚР ҰБ ұсынған деректерден

Ал жеке айлардың ешқайсысында екі есе айырым байқалмайды.

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
скриншот: ҚР ҰБ ұсынған ресми деректерден

“Қырғызстанның 2015 жылы ЕАЭО кіруі Қазақстан  сияқты елдермен жұмыс күшінің алмасуына тиімді жағдай жасайды. Және соңғы жылдары Қазақстаннан Қырғызстанға аударылған ақша сомасы да өскен. Бұл Қызғызстандық мигранттардың көбеюіне себеп бола алады”

Үкім: Манипуляция

2015 жылы Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылғаны рас. Және ҚР Ұлттық банк ұсынған деректерден 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстаннан Қырғызстанға аударылған ақша көлемінің өскенін де байқай аламыз.  2017 жылы 47,5 млрд. тенгеден 2018 жылы 69,4 млрд. тенгеге дейін өскен. 

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
скриншот: ҚР ҰБ ұсынған ресми деректерден

Бірақ, ҚР Статистика комитетінің деректерінен 2015-2018 жылдар аралығында Қазақстанға қоныс аударған Қырғызстандық иммигранттардың саны өспеген, керісінше кемігенін көруге болады. 

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
скриншот: ҚР Статистика комитетінің деректерінен

“Қазақстанда Тәжікстандық мигранттар да көбеюде.  2018 жылдың жаз айларында Тәжікстанға Қазақстаннан аударылған ақша 2017 жылдың жаз айларымен салыстырғанда 2 есе өскен”

Үкім: Манипуляция

ҚР Ұлттық банк ұсынған ресми деректе 2018 жылдың жаз айларында Тәжікстанға аударылған ақша 2017 жылдың сәйкесінше айлармен салыстырғанда 2 есе емес, 1,4 есе өскен. 

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
скриншот: ҚР ҰБ ұсынған ресми деректерден

Ал, 2018 жылы Қазақстанға қоныс аударған Тәжікстандық азаматтардың саны 2017 жылға қарағанда кеміген. 

Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар саны шынымен артты ма?
ҚР Статистика комитетінің деректерінен

Қазақстандағы көші-қон

ҚР Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек 2018 жылы Қазақстанға қоныс аударған шетелдік азаматтардың саны 12 747 адам болған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 12% ға кем. Қазақстанға ең көп қоныс аударған Ресей мен Өзбекстан азаматтары. 

Ал Қазақстаннан шет елдерге қоныс аударғандардың саны 41 868 адам. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 10% артық. Қазақстандықтардың ең көп бөлігі Ресейге қоныс аударған. 

Factcheck.kz