“Қармауышы” бар таблеткалар: химиялық құбылыстың фейкке негіз болғаны туралы

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде екі әйел (біз олардың дауысын естиміз, қолын көреміз) белгісіз дәрі-дәрмекті тұтатқанда таңғаларлық реакция пайда болатынын және олардан «қармауышқа» ұқсас нәрсе өсетінін көрсеткен видео көптеп таралып жатыр.

Тәжірибе ретінде олар дәріні газ плитасына салып, отқа жағып, реакцияны камераға жазып алған. Нәтижесінде олар фармацевтикалық дәрі-дәрмек қауіпті болуы мүмкін және адамдар оны ешқашан қолданбауы керек деген қорытындыға келеді.

Үкім: Фейк

Видео рас, бірақ дәрі-дәрмектер денсаулыққа ешқандай қауіп төндірмейді, ал авторлар қауіп туралы қорытындыны химия мен физиканы жеткіліксіз білмегендіктен жасаған. Видеода үйде оңай қайталауға болатын «Перғауын жыланы» деп аталатын танымал химиялық эксперимент түсірілген.

Видеодағы әсер кальций глюконаты таблеткаларын қыздыру нәтижесінде пайда болады. Қызған кезде газдың тез бөліну процесі жүреді. Бұл «жылан» реагенттердің қоспасынан шыққан сияқты көрінеді, сұр түс кальций оксиді мен күлдің бөлінуіне байланысты пайда болады. Мұндай видеолар әлеуметтік желілерде алғаш рет кеңінен таралып отырған жоқ.

Толығырақ

Мұндай хабарламалардың әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде пайда болып жатқаны бірінші рет емес. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай роликтер қолданушылар арасында жыл сайын таралып келеді.

2020 жылы Stopfake.kz сайты кальций глюконаты туралы осындай фейкті жойды. Видеода әйел қазақстандық дәріханалар таблетка атын жамылып, қауіпті зат сатып жатыр деп мәлімдеді.

Оған қоса, 2019 жылдың қараша айында қазақстандықтар Ресейде өндірілген кальций глюконаты таблеткалары арқылы тәжірибе жасалған видеоны белсенді түрде таратқан еді. Өзін педиатр дәрігер деп таныстырған видеодағы әйелдің айтуынша, бұл таблеткалар адам өмірі мен денсаулығына қауіпті. Оның айтуынша, мұның бәрі ішекте, өкпеде, өт қабында және басқа мүшелерде сіңіріледі.

Интернеттің ресейлік сегментінде осы сияқты видеолар бұрын да таралған және әр таралған сайын мұндай реакция пайдаланушыларды қорқытады. Ал, іс жүзінде біз қарапайым химиялық реакция туралы айтып отырмыз, одан ешкім өлмейді.

«Перғауын жыланы» деген не?

Бұл реакция қыздырылған кезде кальций глюконаты көміртекке, кальций оксидіне, көмірқышқыл газына және суға ыдырайтынына байланысты болады. Бұл кеуекті құрылым және көмірқышқыл газының мол шығуы бір таблеткадан 10-15 см-ге дейін өсетін “жыландарды” пайда болғызады. Олар ақ кальций оксиді мен қара немесе қара сұр көміртек арқасында бастапқы тұздың органикалық бөлігінен сұр түске ие болады. Бұл тәжірибе кальций карбонатының қызуға тұрақсыз екенін айқын көрсетеді және мектеп оқушыларының химияға деген қызығушылықты ояту үшін «Қарапайым ғылым» балалар жиынтығында сатылады.

"Қармауышы" бар таблеткалар: химиялық құбылыстың фейкке негіз болғаны туралы

Бұл – балалар мен мектеп оқушылары үшін ең танымал тәжірибелердің бірі, бұл оның таңғажайыптығы және жүзеге асырудың оңай екеніне байланысты. Ол әртүрлі химиялық шоуда және ғылыми және білім беру бағдарламаларында жиі көрсетіледі.

Көпшілікке арналған шоуда кальций глюконаты таблеткаларын құрғақ отынмен қыздырады, ал үйде газ плитасын пайдалануға болады. YouTube-тен осы экспериментті қайталайтын көптеген видео таба аласыз.

Мұндай кадрлар қазақстандықтар мессенджерінде таралған сайын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы таблеткалар қаупі туралы тұжырымды жоққа шығаратын ресми мәлімдеме жасайтыны назар аудартады. Ведомство өкілдері мұндай реакцияның препарат сапасына ешқандай қатысы жоқ екенін және бұл қалыпты химиялық реакция екенін түсіндіреді.

Кальций глюконаты дегеніміз не және оның қауіпті болуы мүмкін бе?

Кальций – организмдегі маңызды минерал. Ол сүйектер мен тістерге қажет. Сондай-ақ, ол жүйке импульстары берілуіне, қан ұюына және жүрек ырғағының реттелуіне жауап береді. Әдетте адамға ағзаға тамақпен бірге енетін кальций мөлшері жеткілікті. Ал ол организмде жетіспесе, кальций глюконаты сияқты кальциі бар препараттарды қабылдау қажет.

Көбінесе ол паратироид бездерінің бұзылуынан, гипокальциемиядан (қан плазмасында кальцидің болмауы), аллергиядан, тері проблемаларынан және басқа да аурулардан зардап шегетін адамдарға тағайындалады. Ересектер үшін дәрігердің нұсқауына байланысты күнделікті норма күніне 1-3 таблеткадан тұрады.

Кальцийдің өзі ағзаға мүлдем зиянсыз, бірақ глюконатты қабылдаған кезде бірқатар сақтық шарасын сақтау қажет. Мысалы, құрамында темірі бар препараттармен, жүрек жұмысын қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектермен немесе антибиотиктермен араластыруға болмайды.

Жағымсыз әсер артық доза қолданғанда пайда болуы мүмкін және бас ауруы, жүрек айнуы, әлсіздік немесе құсу түрінде көрінуі мүмкін. Олардан құтылу үшін препаратты ішуді тоқтату жеткілікті, қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.

Factcheck.kz