Instagram жаңа антифейк қызметін іске қосты

Instagram қолданушылары күдікті контентке шағым жасай алады, ал сертификатталған фактчекерлер оның шынайылығын тексереді. Poynter-дің хабарлауынша сараптаманы халықаралық фактілерді тексеру желісінің принциптер Кодексіне қол қойған мамандар тобы жасайды (IFCN). 

Facebook өзінің Instagram-дағы фактілерді тексеру бағдарламасын (Third Party Fact-Checking Program, қысқаша 3PFC) кеңейтетінін жариялады. Техникалық күшейту АҚШ-та басталады, ал барлық халықаралық қолданушыларды қамту үшін екі апта уақыт керек.

Күдікті контент туралы хабарлау үшін қолданушылар Instagram-дағы әрбір жазбаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы үш нүктеге басып, “бұл орынсыз” деген белгіні, содан кейін “жалған ақпарат” деген белгіні таңдау керек. Содан кейін жазбаны 30-дан астам мемлекетте фактілерді тексерумен айналысатын IFCN мамандары тексереді. 

Жалған деп танылған жазбалар платформадан өшірілмейді. Instagram өкілі Стефани Отвейдің айтуынша, мұндай жазбалардың іздеу жүйесінде рейтингі төмендейді және ілмегі алып тасталады. Мысалы, біреу “2 + 2 = 5” деген жазуы бар суретті жариялайды және Instagram-да өз жазбасын жарнамалау үшін #MathExpert ілмегін пайдаланады.

Фактілерді сертификатталған тексеру бағдарламасы жазбаны жалған деп таныған соң, суретті #MathExpert ілмегінен алып тастайды .

Instagram-дағы фактілерді тексеру үдерісі Facebook-тегі фактілерді тексеруден өзгеше болады. Жаңа экожүйеде “жалған” ақпаратты жариялаған тұлға тексеру процесі туралы да, қорытынды туралы да бейхабар болады.

Бірнеше мемлекет Facebook-ті басқа да ірі мессенджерлермен қатар, жалған ақпараттың таралуына жеткілікті түрде бақылау жасамағаны үшін сынға алды. Сәуір айында сарапшылар алып компанияның кірісі төмендеуі мүмкін деген болжам жасады. 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы компанияның табысы 2,43 млрд долларды құрады (бір акцияға 85 цент), бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 51% – ға аз.

Осыған дейін АҚШ Федералдық сауда комиссиясы (FTC) Facebook-ке 5 миллиард доллар көлемінде айыппұл салды.

Factcheck.kz