Грант қоры 20 млн теңге | «Цифрлы азаматтық» хакатонға өтінім қабылдау басталды

Сорос Қазақстан қоры, Канадалық SecDev Foundation және т.б. (ұйымдастырушылардың толық тізімі төменде көрсетілген) ұйымдастырушылардың қолдауымен «Цифрлы азаматтық» хакатонға өтінім қабылдау басталды. Жобаға IT-мамандар, құқық қорғаушылар, дәрігерлер, студенттер, бизнес және жастар ұйымдарының қызметкерлері, бастамашыл топтар мен белсенділер, сонымен қатар адам саны 3-тен 5-ке дейінгі fullstack командалары қатыса алады.

Идеялар мына бағыт бойынша қабылданады:

  • Азаматтардың цифрлы бағыт бойынша ат салысуын кеңейту:
  • Мемлекеттік органдар жүргізіп отырған цифрлы деректер мен статистикаға қолжетімділікті талдауды, объективті өңдеуді және олардың кеңінен таралуын жақсартуға арналған шешімдер мен бастамалар;
  • Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруін және инновациялы цифрлы бастамалар арқылы азаматтармен өзара қарым-қатынасты арттыру;
  • Қоғамға маңызы бар дүниелер: дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуы, ресми емдеу хаттамалары, еріктілердің ұйымдары және олардың қызметі, гуманитарлық көмектің бөлінуі, сондай-ақ медициналық мекемелердің болуы және орналасқан жері туралы расталған ақпаратқа цифрлы қол жеткізу;
  • Цифрлы дағдылар бойынша бастамалар;
  • Қазақстандықтар арасында цифрлы қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар болу мен базалық білімді арттыруға арналған техникалық шешімдер немесе науқандар;
  • Интернеттегі жалған ақпараттың қауіпін анықтауға және олармен жұмыс істей білуге баса назар аудара отырып, азаматтардың медиасауатын арттыру;

Қалай қатысуға болады?

  • Өзіңіз ойлап жүрген идеяңызды жобаға айналдырыңыз;
  • Мына сілтемедегі шарттарды толтырыңыз;
  • Байқау ұйымдастырушыларының байланысын күтіңіз;

Іс-шара онлайн форматта өтеді

Конкурсты өткізу күндері:

  • Өтінім қабылдау уақыты 26 тамыздан 18 қыркүйекке дейін;
  • Қазылар алқасы 22 қыркүйекке дейін барлық жұмыстармен танысып, 50 жобаны іріктейді. Олар хакатонға қатысады;
  • Хакатон 28-30 қыркүйек аралығында өтеді;
  • Жоба таныстырылымы мен BootCamp-қа командаларды іріктеу 1 қазанға жоспарланып отыр;
  • BootCamp – 12-15 қазан аралығында өтеді;
  • Жобалардың қазылар алқасы алдындағы қорытынды таныстырылымы мен жеңімпаздарды іріктеп алу – 16 қазанда;
  • Грант қоры – 20 млн теңге. Бұл ақша ең үздік идеяларды ұсынған бірнеше командалардың арасында бөлінеді.
  • Жоба сайтына мына сілтеме арқылы кіре аласыз.

Ұйымдастырушылар: Сорос Қазақстан, Канадалық SecDev Foundation
қоры, «Касперский зертханасы», Кибер шабуылдарды
талдау және тексеру орталығы (КШТТО), Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ).

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz