Гейтс адамдарды чиптеуге қатысты фейк ақпаратқа пікір білдірді

Миллиардер-филантроп Билл Гейтс желіде жаппай тарап жатқан адамдарға микрочиптерді имплантациялау үшін вакциналарды пайдаланады деген “қастандық теориясына” қатысты пікір білдірді. Миллиардердің пікіріні Business Insider басылымы жариялады.

Мен микрочиптер сияқты қандай да бір заттармен ешқашан айналыспадым. Мұны тіпті жоққа шығара алмаймын, себебі ақылға қонымсыз нәрсе.

Билл Гейтс

Ақпараттың жалған болғанына қарамастан Гейтс пен коронавирус жайлы “қастандық теориясы” әлеуметтік желілер мен теледидарда жаппай тарады. The New York Times Zignal Labs медиа-зерттеу компаниясының хабарлауынша бұл фейк ақпан сәуір айлары аралығында 1,2 миллион рет айтылған.

Мамыр айында Yahoo News және YouGov жүргізген сұхбатқа сәйкес америкалықтардың 28%-ы бұл ақпараттың шындық екеніне сенеді.

Әлем қауіпсіз және тиімді вакцинаны табу үшін, өндірісті кеңейту үшін бірлесіп жұмыс істеп, барлық мүмкіндіктерді жасау керек. Біз вакцинаны жағдайы барларға емес, оны көбірек қажет ететін адамдарға бере алуымыз керек

Билл Гейтс

Гейтстың айтуынша вакцина пайда болған кезде топтық иммунитетті қалыптастыру үшін әлем халқының 80%-ға жуығын вакциналау қажет. Егер адамдар вакцинаға күмәнмен қарайтын болса, коронавирус адамдарды өлтіре береді дейді ол.

Factcheck.kz