Газет жауап берді: Дональд Трамп NYT жазған мақаланы «өтірік және сатқындық» деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times-та шыққан мақаланы өтірік және сатқындық деп атады. ВВС-дың орыс қызметінің хабарлауынша мақалада аты аталмаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, АҚШ ресейлік энергетикалық жүйелері кибершабуыл жасады деп мәлімдеген. Артынша редакция президентке жауап берді.   

Авторлардың айтуынша қазіргі және бұрынғы шенеуніктер үш ай бойы әртүрлі кибершабуылдар жасаған. Мақалада шенеуніктердің аты аталмады, тіпті олардың қай салада және дәрежесі жайлы сөз қозғалмады.

Газет жауап берді: Дональд Трамп NYT жазған мақаланы «өтірік және сатқындық» деп атады
©скриншот с публикации NYT

 

Газеттің хабарлауынша, екі ел бұрыннан бері бір-бірінің энергетикалық желілерін көздеп тұр және ара-тұра беріктігін тексеріп тұрады. New York Times АҚШ ресейлік энергетикалық жүйелерін “тексеретін бағдарламаны” 2012 жылы орнатқан деп мәлімдеді. 

Дегенмен, мақалада айтылғандай, қазір АҚШ шешуші әрекеттерге көшті. Газет АҚШ-тың ресейлік желілерге шынымен зиянды код орналастырғанын хабарлады.

Трамп твиттерінде New York Times-тағы мақалаға пікір білдірді. Мақалада берілген деректерді өтірік, ал редакцияны сатқындар деп атады. 

«Мынаны қараңыздар, New York Times АҚШ Ресейге кибершабуылдарын күшейтуде деп жазыпты. Шын мәнінде бұл сенсацияның (біздің елімізге зиянын тигізсе де) артынан жүгіретін бұрынғы ұлы газеттің елімізге жасаған сатқындығы» деп жазды Америка президенті.  

Келесі твитінде Трамп «мұның бәрінен басқасы өтірік» деп жазды. «Бүгінде жемқор БАҚ кез-келген нәрсені жариялауға дайын. Олар қалағанын жазады, істейді. Жұмыстарының салдарын бір сәтке де ойламайды. Олар нағыз қорқақтар және халық жауы!»

New York Times редакциясы үндемей қалмады. Твиттерде президенттің мәлімдемесіне жауап қайтарды. 

https://platform.twitter.com/widgets.js

«БАҚ-ты сатқындар деп айыптау қауіпті іс. Мақаланы жарияламастан бұрын үкіметке ол жайлы айтқан болатынбыз. Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша өкілдері мақала ешқандай қауіп төндірмейді деген еді» деп жауап берді.

Factcheck.kz