Фейк | Медициналық маскалар оттек өткізбейді

WhatsApp мессенджерінде медициналық маскалар оттек өткізбейді деген тұжырыммен видео-хабарлама тарап жатыр. Қырғызстан фактчекерлері ролик авторы келтірген деректерді зерттеді. Factcheck.kg қызметкерлері тағы бір фейк туралы қорытынды шығарды.

Видеороликте ер адам кәдімгі медицина маскасына су құйып, сұйықтың матадан өтпейтінін көрсетеді. Ролик соңында автор маскадан су өтпесе, онда дем алғанда оттек те организмге түспейді, демек адамдар қорғаныш аксессуарын таққан кезде көмірқышқыл газымен уланады деген бірмағыналы үкім шығарады.

Фактчекерлер тура редакцияда эксперимент жүргізді, ол Бішкектің бірнеше дәріханасынан сатып алынған кәдімгі маскалар видеода көрсетілгендей сұйықты ұстап тұратынын растады.

Ақпаратты іздеу медицина маскалары мен бірінші кезекте N95 респираторларын қайта пайдалану мәселесін зерттейтін ғалымдардың үлкен тобы құрған N95DECON қауымдастығының сайтына апарды. Бұл ресурста медицина маскаларына, оларды салыстыруға және сипаттауға қатысты орыс тіліндегі егжей-тегжейлі ұсыныстар бар, бұл «ең тиімді маскаларда тамшылардың енуін төмендететін тамшы өткізбейтін сыртқы қабаты бар» екенін анықтауға мүмкіндік берді.

N95DECON қауымдастығы Американың өнеркәсіптік өндірушілер мен жеткізушілерге арналған №1 платформасына және Солтүстік Американың The Thomas маркетинг орталығына сілтеме жасайды. Бұл ресурста хирургия маскалары туралы егжей-тегжейлі материал жарық көрді, олар сүзілу сапасы, суға төзімдігі және бетпен жанасу тығыздығымен ерекшеленеді, сонымен қатар, маска өндірушілеріне арналған стандарттар мен ұсыныстар келтірілді. Фактчекерлер хирургия маскаларының мата емес материалдар қолданып жасалатынын анықтады, бұл матаға қарағанда бактерияларды әлдеқайда тиімді сүзгіден өткізеді. Сонымен бірге ,матаның ауа өткізетіні маңызды.

Factcheck.kg қорытындысы: су өткізбеу – медицина маскасының сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің бірі және тыныс алу кезінде желдетуге ешқандай әсер етпейді. Желіде таралған видеоролик фактілерді бұрмалайды және қолданушыларға жалған ақпарат береді.

Контекст

Шілде айында желіде Дел Бигтри деген бір адамның 11 жасар балаға тағылған медицина маскасының астындағы СО2 деңгейін тексерген видеосы тарады. Бигтри медицина маскаларында көмірқышқыл газының көп мөлшері жинақталатындықтан олар балаларға улы әсер ететінін айтады. Фактчек тексеруі автор пікірінің жалған екенін көрсетті.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Factcheck.kz