Фактчек | А. Райымқұлова Қазақстан және басқа елдердегі қоғамдық маңызы бар әдебиет пен қаламақы туралы

16 қыркүйекте Мәжілістің пленар отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мемлекеттің автордан әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді сатып алудың қолданыстағы ережелерін өзгертуге бағытталған жаңа заң жобасын таныстыра отырып, кезінде Мәжіліс қабылдаған нормалардың арқасында мұндай әдебиетке Қазақстанда теңдессіз төлемдер практикасы енгізілгенін айтты. Мәлімдемені тексеріп, бір жағы әлеуметтік маңызды әдебиет авторлары болып кімдер саналатынын анықтаймыз.

Мәлімдеме: 2017 жылы депутаттық корпустың арқасында алғаш рет заңнамалық деңгейде авторларға қоғамда маңызы бар әдебиеттер үшін қаламақы төлеу тәжірибесі енгізілді. Бұл тәжірибенің әлемнің басқа елдерінде аналогы жоқ.

Ақтоты Райымқұлов

Үкім: Шындық

Ашық  дереккөздерді зерттеу, біз күткендей, негізінен ТМД елдері ғана, ондада түгелі емес, әлеуметтік маңызы бар деп аталатын әдебиеттің шығуына бас қатырады деген қорытындыға келді.  Заңнамалық және тиіс мемлекеттік бағдарламалар деңгейінде мұнымен Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы айналысады. Өзбекстан да бұл салада белгілі бір күш-жігер жұмсап отыр. Түркіменстан да солай. Шынында, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында мемлекет жазушылармен тікелей қарым-қатынас жасамайды (бірақ баспаларға ішінара субсидия береді, жалпы бұл елдердегі бағдарламалар баспа нарығын қолдауға бағытталған), ал Қазақстанда мемлекет авторларға сыйақы төлейді.

Жазушыларды қолдау туралы толығырақ

“Мәдениет туралы” Қазақстан Республикасы заңының 7-бабының 9-2) тармақшасы бойынша 2017 жылы Ақтоты Райымқұлованың алдындағы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы “Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді алу, басып шығару және тарату ережелерін” бекітті. “Мәдениет туралы” заң бойынша уәкілетті орган, яғни Мәдениет және спорт министрлігі, 9-1) әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді алуды, басып шығаруды және таратуды, оған қоса республикалық деңгейде ұлттық фильмдер жасауды ұйымдастырады; 9-2) әлеуметтік маңызды әдебиеттерді алу, басып шығару және тарату ережелерін әзірлейді және бекітеді. Ережелерде айтылғандай, әдебиеттер Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” заңының 31-бабына сәйкес сатып алынады.

Демек депутаттардың және кезінде олар қабылдаған заңның арқасында (2017 жылы олар қолданыстағы “Мәдениет туралы” заңға түзету енгізді, оған сәйкес Мәдениет және Спорт министрлігіне әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді алуға құқық берілді) авторлар әлеуметтік маңызы бар әдебиеттер үшін қаламақы алады. Мемлекет осы уақыт аралығында туындыны пайдалануға айрықша құқықтар алған сияқты.

Анықтама үшін: 2018-2020 жылдар аралығында мемлекет әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді шығаруға жалпы сомасы 7,3 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған. Бұрынғы Мәдениет министрі қаламақы 350-400 мың теңге болатынын сондықтан жазушы болу тиімсіз екенін айтқан. 2018 жылы қаламақы үшін барлығы 150 миллион теңге аудару жоспарланған еді.

Райымқұлрва депутаттардың қарауына жаңа стандарттарды ұсына отырып, туындылар авторлық құқықтың қолданылу мерзімі ішінде сатып алынатынын мәлімдеді (“Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Қазақстан Республикасы заңының 28-бабы – “Авторлық құқық мерзімі”; ол автордың бүкіл өмірі мен қайтыс болғаннан кейін 70 жыл ішінде есептеледі). Ол ұсынған заң жобасы (мәжілісмендер мақұлдаған) болашақта автор өзінің әлеуметтік маңызы бар шығармаларын басып шығару және тарату мүмкіндігіне ие болуы үшін әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді (көбіне ол кітапханаларға кетеді) басып шығару және тарату құқығын тек белгілі бір мерзімге алуды көздейді.

Әлеуметтік маңызы бар: Абайдан Қайрат Келімбетовке дейін

Бағдарлама аясында Абайдың 175 жылдығына арналған “Абай” жинағы шықты. Оны Б.Қанапиянова мен Б.Хабдина редакциялады. Әрине, Қазақстан әдебиеті классиктерінің шығармалары (А.Құнанбаев, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, І.Есенберлин және тағы басқа) қайта басылады және А.Әлімжанов. Н.Анастасьев, З.Ахметова, Г.Бельгер, Ш.Бисенова, Д.Исабеков, Ш.Мұртаза, Н.Нұрпейісов, Р.Сейсенбаев, О.Сүлейменов, А.Тарази, М.Шаханов, И.Шухов және тағы басқа да авторлардың туындыоары да қайта жарық көреді. Былтыр қарашада Фариза Оңғарсынованың “Шілде” және “Күндізгі ыстықта” деген екі кітабының тұсаукесері өтті.

2018 жылы Кемел Тоқаевтың бірнеше томдық шығармасы, шығармалар жинағы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ол тарихты жасайды” 5-томы жарық көрді. Автор және редактор Лилия Калаус өзінің “Күн қоңырауы” кітабын да шығарды. 2019 жылы әл-Фарабидің шығармалар жинағы Роллан Сейсембаевтың редакторлығымен, Немат Келімбетовтің “Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерлері” кітабы (құрастырушы – Қайрат Келімбетов), Шәкімшарипа Ыбраева мен Қайрат Келімбетовтың редакторлығымен “Дүниежүзілік түркология тарихы” кітабы қазақша және орысша, Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тәуелсіздік дәуірі” кітабы (қазақша және орысша) және тағы басқа туындылар жарық көрді.

2018 және 2019 жылдарда шыққан кітаптардың толық тізімін қараңыз. Жалпы, тізім ешқандай қарсылық тудырмайды, дегенмен әр жылдағы (2018 жылы бес кітап, 2019 жылы екі кітап) Қазақстанның тұңғыш президенті іс-қимылдары хроникасы мен фотоальбомдары сауал тудыруы мүмкін. Бұл тәсілдің қаншалықтты тиімді екенін бағалауды міндетімізге алмаймыз, тек тізімде біздің редакция оқитын және құрметтейтін авторлардың бар екені айта аламыз. Бірақ соған қарамастан Қазақастандағы кітап нарығы бұрынғы қалпынша аянышты күйде.

Басқа елдерде қалай?

Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді шығаруға өте байыпты қарайды. 2009 жылдан бері тақырып жоспарлары жарияланып келеді (мыалы, 2018 жылы өзгелерімен қатар Антуан де Сент-Экзюпери, Эрнест Хэмингуэй және Джек Лондонның аудио кітаптары жарық көрді). Дегенмен субсидия беру тәртібі және әлеуметтік маңызы бар және білім беру басылымдарын дайындайтын, басып шығаратын, аяқтайтын және (немесе) жеткізетін кейбір ұйымның шығындарын қаржыландыру тәртібі туралы ереже бойынша авторлар мемлекеттен тікелей ешқандай қаламақы алмайды. Субсидиялардың көлемін айналым құнының 90% -тен 50% -ке дейін баспа қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғалар алады. Шын мәнінде, әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді өндіруге субсидия беру – елдегі кітап шығаруды қолдаудың негізгі формасы.

Ресейде әлеуметтік маңызы бар әдебиетті шығаруға субсидия алудың бір шарты – баспа ұйымы шығарманы пайдалану және тарату құқығына ие. Шамамен 2019 жылдан бастап субсидиялар қағаздың, түптеу материалдарының және полиграфия қызметтері құнын жабады, бұрын бұл дотация материалдар құнын, оның ішінде қағазды (ішінара), полиграфия қызметтерін (ішінара) және басу алдындағы процестерді (яғни макеті мен дизайны) өтейтін. Мұндай әдебиеттер Ресей Федерациясының әртүрлі аймағында 90-шы жылдардан бастап шығарыла бастады.

Өзбекстан да бұл мәселеге алаңдаулы, тіпті 2017 жылы президенттің тиіс қаулысы шыққан, алайда бағдарламада жоспарланған ережелер ашық дереккөзден табылмады.

Түркіменстанға келер болсақ, бұл елде Мемлекеттік баспа қызметі жұмыс істейді. Оған қоса, әлеуметтік маңызы бар әдебиеттер тізіміне Гурбангулы Бердімұхамедовтің дәрілік өсімдіктерге, ахалтеке мен кілемдерге арналған шығармалары кіреді. Бірақ мемлекеттік баспа қызметі түрікмен әдебиеті классиктері мен заманауи авторлардың кітаптарын да шығарады. Ашық ақпарат көздерінен бұл авторлардың қалай марапатталатынын біле алмадық. Ашық дереккөздерде ТМД-ның басқа елдерінде және алыс шетелдерде әлеуметтік маңызы бар әдебиеттердің шығуы туралы ақпарат та жоқ.

Қорытынды

Шынында, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді шығару бағдарламасы, басқалармен қатар, авторларды қолдауға және көтермелеуге бағытталған. Ал Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында осыған ұқсас бағдарламалар кітап индустриясын қолдауға бағытталған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz