Facebook Сингапурдағы пайдаланушылар үшін жазбаларға жаңа белгі енгізді

Өткен сенбі күні фейсбук Сингапур үкіметінің сұрауы бойынша пайдаланушының жазбаларын автоматты түрде түзету туралы хабарлама шығарғанын мәлімдеді. Бірақ компания мемлекетті “жалған жаңалықтар” жайлы жаңа заңның жүзеге асырылуын жіті қадағалауын сұрады. Бұл жайлы Reuters хабарлайды.

«Facebook is legally required to tell you that the Singapore government says this post has false information» (” Facebook заңы бойынша Сингапур үкіметі бұл жазбаны жалған деп танығанын ескертеді”). Бұл мәтін сайлау қарсаңында құпия ақпаратты таратқаны үшін тұтқындалған адам жайлы жазбаның жанында пайда болды.

Дегенмен жазбаға ешқандай түзетулер енгізілмеді. Сондай-ақ, бұл хабарды тек кейбір пайдаланушылар ғана көре алады.

Желіде жарияланған жазба авторы журналист, Status Times Review блогын жүргізуші Алекс Тан. Ол Сингапурда тұрмайды және өзін Австралия азаматы деп есептейді.

Сингапур билігі Таннан жазбаны алып тастауды және ол жердегі ақпаратты жоққа шығаруды сұрағанымен, журналист өтінішті қабылдамады. Енді заң бойынша, жалған мәлімет таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылады немесе 1 млн сингапур доллар (шамамен $733 000) айыппұл төлеуі тиіс.

Factcheck.kz