Facebook фейк аккаунт туралы хабарлаған пайдаланушыларды бұғаттады

Facebook компаниясы белгісіз себептермен фейк аккаунт туралы хабарлаған пайдаланушылардың парақшаларын бұғаттай бастады. Бұғатталған пайдаланушылардың айтуынша бұл бір аптадан бері жалғасуда. Бұл жайлы Security Lab хабарлайды.

Шағымдарға сәйкес фейсбук қолданушысы фейк аккаунт туралы компанияға хабарлама жібереді. Алайда жарты сағаттан кейін шағымданған пайдаланушының парақшасы бұғатталады.

Фейсбук шағым түскен аккаунттарды сараптамаған. Пайдаланушылар қайтыс болған отбасы мүшелеренің, танымал адамдардардың және саясаткерлердің парақшаларына шағымданған.

Пайдаланушы аккаунттан шығып қайта кіру үшін фейсбук “қауіпсіздік тексеру” мақсатында идентификатор сұратады. Дегенмен, белгісіз себептермен пайдаланушы парақшасына қайта кіре алмайды.

Парақшасына қайта кіре алмаған пайдаланушылар соңғы аптада Facebook-пен бірнеше рет байланысуға тырысты. Компания әзірге бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Factcheck.kz