ДДСҰ жалған ақпаратпен күресіп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс 8 ақпан күні берген есебінде короновирус жайлы тарап жатқан жалған ақпаратпен күресу жолдары туралы айтты.

Гебрейюстің айтуынша ДДСҰ мен оның серіктестері вирус жайлы тарап жатқан жалған ақпаратпен төрт түрлі жолмен күресіп жатыр.

Біріншіден, ұйым EPI-WIN деп аталатын желіні пайдаланады. EPI-WIN індеттер бойынша ДДСҰ ақпараттық желісі. Ұйым әртүрлі тілде жарияланатын ақпаратты белсенді қадағалап отырады.

Екіншіден, ДДСҰ-ның “Инфодемика” тобы кең жұртшылыққа ақпарат беру үшін ұйымның коммуникация бөлімімен бірлесіп жұмыс істейді.

Олар “мифті әшкерелеу” мақсатында түрлі ақпарат беріп, ұйымның уеб-сайтында, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та сарапшылардан сұхбат алады.

Үшіншіден, Facebook, Google, Tencent, Baidu, Twitter, TikTok, Weibo, Pinterest және осыған ұқсас іздеу, әлеуметтік және сандық компаниялармен бірлесті. Әлеуметтік желілерді жалған ақпаратты сүзіп, ДДСҰ, CDC және т.б. сияқты сенімді көздерден нақты ақпаратты таратуын сұрады.

Төртіншіден, Instagram және YouTube арқылы ықпалды тұлғалармен байланысқа шығып, олардан тексерілген ақпарат таратуын сұрады. Гебрейюстің айтуынша ұйым, әсіресе, Азия-Тынық мұхиты аймағына ерекше көңіл бөліп отыр.

Factcheck.kz