Азаптауға арналған құралдар саудасын шектеу

Адам жанын азапқа салу орынды деп танылған жағдаят болған емес. Жігерді жасыту үшін жасалатын тән және ой-санаға көрсетілген кез-келген зәбір адам намысын аяққа таптау болып есептеледі. Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіші бойынша, азаптау дегеніміз: алды – ақпарат жинаудың тиімсіз түрі, арты – жалған ақпаратқа ғана қол жеткізуге болатын пәтуасыз дүние.

Халықаралық заң аясында шектеу қойылғанына қарамастан, бүгінде азаптауды қолданудың өрісі кеңге жайылған. БҰҰ-ның Халықаралық Азап шеккен құрбандарды қолдау күні, яғни 26 маусымда, құрмет тұтудың ең дұрыс жолы – нақты әрекет етіп, азаптауды түп-тұқиянымен жою, немесе ең болмағанда жаһандық деңгейде тәжірибеге енуін тоқтату.  Ал бұл үрдістің халықаралық сауда қатынасынан басталғаны абзал.

Соңғы он жылда біршама елдер өлім жазасы мен адамгершілікке жат рақымсыз әрекет жасауды доғаруда. Десе де азаптаудың құралына айналған: бұрандалы шеге, қолкісен, аяқкісен, сал қылатын (семдіретін) орындықтар, тісті шоқпар, әр түрлі құрылғылар қабыстырылған қамшы түрлері осы уақытқа дейін емін-еркін шекара асып жүр. Бұл құралдардың адам денесіне зақым келтіріп, зардабын тигізуден басқа пайдасы жоқ. Соған қарамастан кәдімгі тауар ретінде әр елде сатылымда жүр.

Мұндай ситуациялар барлық жерде кездеседі деуге келмейді. 2005 жылдан бастап Еуропалық Одақ кейбір жабдықтар мен өнімдердің саудасын ретке келтіріп, өлім жазасы, адамгершілікке жат әрекет пен азаптау үшін қолданылуы мүмкін деген дүниелер, айталық дар ағашы, электрлі орындық, ажал инъекцисы мүлдем сатылмайтындай етті. Тіпті Еуропалық Одақ шекарасынан транзит ретінде өтуге тыйым салынған.

Шектеу қою азаптауға арналған құралдардың сауда жолында біршама қиындық тудыратыны рас.  Алайда өндірушілер мен саудагерлер демде проблеманы орағытып өтудің әр түрлі амалын тауып, басқа бағыттарды қарастырады. Тасымалдау құнының қымбатқа шығуы да оларға еш кедергі емес.

Азаптау құралдарының саудасына тыйым салудың қаншалықты тиімді екен әлемдік тәжірибеден айқын аңғаруға болады. Тәжірибенің тағы бір көрсеткіші бойынша максималды нәтижеге жету үшін ғаламдық деңгейде қамтуды ескеру қажет. Яғни кей мемлекеттер жоғарыда аталған құралдар саудасының өміршеңдігін ұзарта берсе, айтарлықтай өзгеріс орын алмайды.

2017 жылдың қыркүйек айында Еуропалық Одақ, Аргентина, Моңғолия елдері адам баласына зиян тигізу мақсатында өндірілетін құралдарды түпкілікті жою үшін ресми түрде Азаптаудан Азат Сауда Альянсын құрғанын жариялады.  Бүгінде оның құрамына алты құрлықтан 65 мемлекет еніп отыр.

Өткен қыркүйектегі алғашқы министрлер кеңесінде Альянс саяси міндеттемелерден нақты іс-әрекетке көшуді қолға алды.  Коммюнике отырысында қатысушылар азаптау құралдарының саудасын шектейтін бірлескен конвенция сынды БҰҰ құжатын дайындау туралы келісім жасасты.

Бір жылдың ішінде алғашқы бастамамыздың жемісін көруге жақын қалдық. Осы айда БҰҰ Бас Ассамблеясы практикалық қолданысы азаптауға бағытталған кез-келген жабдық түрінің саудасын тоқтату жөнінде қарар қабылдайды деп күтілуде. Қарардың түпкі мақсаты – мұндай өнімдердің саудасына толығымен тоқтау қою. Сондай-қарардың негізінде халықаралық заң қабылданатын болса, азап көрмейтін әлемге бір қадам ілгері басатын едік.

Әлбетте халықаралық заң жобасын дайындау оңай емес. Бірақ Қару-жарақ сауда келісімі, жойылып бара жатқан флора мен фауна түрлерін саудалаудың халықаралық конвенциясы сияқты дүниежүзілік ұйымдардың тәжірибесіне қарап, ауқымды халықаралық міндеттемелер негізінде сауда мәселесін жауапты әрі гуманистік тұрғыда дамытуға мүмкіндік барын көреміз. Азаптауға арналған құралдар саудасы төңірегінде дәл осындай табысқа жету үшін әлем мемлекеттерінің үкіметімен тығыз байланыста болу қажет.

Бұл процестің алғы шебінде жүрген  Еуропалық Одақ әр тараптағы елдермен азаптауға арналған құралдар саудасына байланысты міндетті ережелерді бекіту үшін өз жұмысын жалғастыруда. Біздің айрықша құндылықтар негіз болған бағдарламамыздың өзегі осы.

Заң арқылы ғана сауданы тоқтату мүмкін емес әрине. Бірақ азаптаушылар мен азапқа салушылардың жұмысын әлдеқайда күрделендіріп, шығынға батыратыны сөзсіз. Ал қаржылай табысы қысқартылған өндірушілер сауда-саттықтың өзге жолын қарастыруы бек мүмкін. Басты жеңіс осы болса керек. Бұдан бөлек маңызды мәселе – зәбір көріп, жапа шеккен жандардың саулығы үшін бүкіл әлем болып жұмыла кірісуіміз қажет.

Азаптауға арналған құралдар саудасын шектеуCecilia Malmström  ЕО сауда бөлімі және коммиссары Швецияның ЕО істері жөніндегі бұрынғы министрі

Copyright: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz