Астана әкімдігі «шегрен былғары» жиһазына арналған тендерді тоқтатты ма?

Bnews.kz жаңалықтар порталының 2019 жылғы 3 шілдедегі хабарламасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов жалпы сомасы 3 млн теңге болатын «Басшы кабинетінің жиһазы» жиһаз гарнитурасының 2 жиынтығын сатып алудан бас тартқанын мәлімдегені туралы айтылған.

«Бұл қате ақпарат, жиһаз әкімге арналмаған, қайталап айтам. Тендерді жариялағандар – жауапқа тартылды. Тендер тоқтатылды, болмайды», – деп мәлімдеді Ерлан Каналимов.

Астана әкімдігі «шегрен былғары» жиһазына арналған тендерді тоқтатты ма?

Шындығында…

2019 жылдың 5 шілдесінде хабарлама әлі жарияланған күйінде тұр, яғни байқау жеткізушілерден әлі де өтінім қабылдап жатыр. Мерзімнің легитимділігіне көз жеткізу үшін төмендегі скриншоттан «срок окончания приема заявок» және «оставшееся время» бөлімдерін салыстырсаңыз жетіп жатыр.

Астана әкімдігі «шегрен былғары» жиһазына арналған тендерді тоқтатты ма?

АПДЕЙТ: 06.07.2019 — Алтыншы шілдеде парақшада тендердің тоқтатылғаны туралы хабарлама таралды.

Бұл Нұл-Сұлтан қаласы әкімдігі аппаратының «Басшы кабинетінің жиһазы» жиһаз гарнитурасының екі жиынтығын сатып алуға арналған байқаудың хабарламасы: сырты «шегрен былғарымен» өрнектелген және «миландық жабық жаңғақ» түсті болуы талап етілген.

4 дана «Басшы креслосын» сатып алуға арналған байқау да 05.07.2019 күні әлі актив күйде тұр.

Астана әкімдігі «шегрен былғары» жиһазына арналған тендерді тоқтатты ма?

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігі аппараты екі байқауды ұйымдастырушы, әр конкурстың (хабарламаның) құрамында бір лот:

1 лот – Жалпы сомасы 3 080 571 теңге болатын «Басшы кабинетінің жиһазы» жиһаз гарнитурасының 2 комплектін сатып алуға арналған;
2 лот – Жалпы сомасы 840 607 теңге болатын «Басшы креслосы» жиһазының 4 данасын сатып алуға.

Контекст

Бұрын «Караван» газетінде елорда әкімдігінің «басшы кабинетіне» арналған, жалпы сомасы 3 080 571 теңге болатын екі жиһаз гарнитурына байқау жариялағаны айтылған болатын. Сатып алатын жиһазға қойылатын талаптар: ЛАЖТ, сырты «шегрен былғарымен» өрнектелген және «миландық жабық жаңғақ» түсті. Сонымен қатар әкімдік «басшыға арналған кресло»-ның төрт данасын сатып алуға тендер жариялаған, ол әкімнің мәлімдемесінен кейін де актив күйінде тұр. Сатып алуға 840 607 теңге бөлу жоспарланған, яғни әр креслоға – 210 151 теңгеден.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz