Алматыда адамдарды ұстау жалғасуда

Төле би көшесіндегі жаппай ереуілден кейін адамдарды ұстау басталды. Сайран су қоймасына жақын жерден журналист Әсем Жәпішева өзінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирге шықты.

Видеодан түн ортасында Төле би көшесімен батыс бағытта бір топ адамның жүріп және біразының көлікпен кетіп бара жатқанын көруге болады.  Сайран су қоймасына жақын маңда полиция ереуілге қатысушыларды қоршауға алып, арнайы жасақ келген және бірден халықты ұстай бастаған.

Журналистің сөзінше, ол 20-ға жуық автозакты байқаған. Әзірге нақты қанша адамның ұсталғаны белгісіз.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz