Ақпараттық дүрбелең: Украинадағы «Голос.Дети» байқауында Ресейден келген қызды мазақ етті

«Экономика сегодня» басылымының хабарлауынша украиналықтар «Голос.Дети» байқауына қатысқан Ресейден келген бүлдіршіннің елден кетуін талап етуде. Ресейдің RTVI басылымы БАҚ-та осыған ұқсас мақалаларды сараптап, оның неліктен дәстүрлі «Инфошум» айдарында пайда болғанын түсіндіреді.   

Жеті жасар Таисия Скоморохова байқаудың бесінші маусымының кастингінде өнер көрсетті. Қазылар алқасының бәрі қызды қолдап, “мен сені таңдаймын” түймесін басты. 

Ресейдің бірқатар басылымында «Голос.Дети» бағдарламасының украин нұсқасының көрермендері Мәскеулік Таисияның жетістігіне риза болмағаны жайлы жазылған. Бұл шоуда Ресейден келген қатысушының өнер көрсетуі көбінің ашуына тиген. Пікір жазушылардың жартысы «Евровидение» ән байқауының ұлттық іріктеуінде қазылықта болған, Қырым жайлы сұрақтар әнші Джамала бұл жағдай бойынша ешқандай пікір білдірмегеніне мән берді.   

RTVI бұл жаңалықты “ақпараттық дүрбелең” деп атады, себебі бірнеше фейсбук қолданушының ақылға қонымсыз пікірі жаңалыққа негіз бола алмайды. Көбі керісінше Скоморохованы қолдап, байқауда жеңіс тілейді. 

Осыған қарамастан ондаған ресейлік басылым қаралым жинау мақсатында видеоға өнерлі қызды мазақ еткен “жаман” украиндықтар деген сияқты тақырып қойған.

Кейбір қолданушылар Ресейдегі «Голос.Дети» байқауындағы дауысты қолдан жинау жанжалы енді Украинаға өтті деп жазды. Тақырып нақты болмағандықтан, бұл екі оқиға бір-бірімен байланысты деген пікір қалыптасуы мүмкін.

Басқалары украиналық көрермендердің реакциясына әлбетте наразы болатын “сарапшылардан” сұхбат алған.Мысалы, музыка сыншысы Сергей Соседов бүлдіршінді мазақ еткендерді “ауру адамдар” және “ұлтшылдар” деп атады

Ақпараттық дүрбелеңді отыздан астам басылым тудырды. Оның ішінде ТВЦ, «Газета.ру», «Политэксперт», «Аргументы и факты» басылымдары бар.

Factcheck.kz