16.10 | Google-дың жаңа функциясы мен Twitter-дің жаңа саясаты, Kaspi bank бөлімшесіне жасалған шабуыл

Google Assistant қолданушыларға әнді тез табуға мүмкіндік беретін жаңа жобасын іске қосты. Егер сіз әннің сөзін немесе әншінің аты-жөнін ұмытып қалсаңыз, өзіңіздің даусыңызбен Google Assistant арқылы еске түсіре аласыз.

Ендігіден бастап, Google-ға әннің сөзін ғана емес, мысал ретінде “лалала” деп немесе өлеңнің есте қалған үзіндісін айсаңыз болады.

Жаңа қызметті пайдалану үшін Сізге Google қосымшасының соңғы нұсқасын жүктеп, микрофонды басып, бұл қандай ән деп сұрау жеткілікті. Содан кейін Google Assistant сіздің даусыңызды 10-15 секунд ішінде тыңдап, өлеңнің бірнеше нұсқасын ұсынады.

Қазіргі уақытта бұл функция iOS-та ағылшын және Android-та 20-дан астам тілде қолжетімді.

Twitter хакерлер жинақтаған материалды жариялау саясатын өзгертеді

New York Post газетінде жарияланған материалға қатысты жанжал тұсында Twitter хакерлер жинақтаған материалды жариялау саясатын өзгертеді. Бұл туралы Twitter-дің құқықтық кураторы Вижая Гадда хабарлады.

Оның айтуынша, Twitter бұдан былай компьютерлік жүйелерге заңсыз ену арқылы алынған материалдарды «егер оларды тікелей хакерлер немесе хакерлермен бірге жұмыс істейтіндер жарияламаса» жоймайды. Сонымен бірге, әлеуметтік желі әкімшілігі қолданушылардың материалды бір-біріне бөлісу мүмкіндігін шектемейді.

Гадденің айтуынша, 2018 жылдан бастап Туиттерде «дербес деректерді қорғау» ережесі бар. Ережеге сәйкес компьютерлік жүйелерге заңсыз ену арқылы алынған кез-келген материал дереу жойылатын.

Бұған дейін Twitter мен Facebook АҚШ-тың Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джозеф Байденге қатысты материалдарын New York Post платформаларында жариялауға шектеу қойғаны хабарланды. Мақалада Байденнің ұлы Хантер мен Украинаның “Бурисма” газ компаниясы менеджментінің кеңесшісі Вадим Пожарскийдің электрондық поштада не жайлы сөйлескені жарияланды. Хатта Пожарский Байденнің ұлына әкесімен кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқаны көрсетілген.

Kaspi банк бөлімшесіне шабуыл жасалды

15 қазанда Алматыда екі адам Kaspi банктың бөлімшесіне шабуыл жасады. Қолында қаруы бар тонаушылар жұмыс күні аяқталған кезде келген. Белгісіз адамдар қарумен қорқытып, шамамен 2 млн теңгеге жуық ақшаны әкеткен.

Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл кнопкасы іске қосылғаннан кейін көп ұзамай келді.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен белсенді түрде жұмыс жасап, қылмыскерлерді тауып, заңға сәйкес жазалатынын хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz