4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйым кеңесінен кейін “ШЫҰ плюс” саммиті өтті. Саммитте Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы жайлы бірнеше экономикалық дерек келтірді. Factcheck.kz Тоқаевтың саммитте айтқан деректерін тексеріп көрді.
Мәлімдеме: Қазіргі кезеңде ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикасы 4 пайыздан 9 пайызға дейінгі жоғары өсім қарқынын көрсетіп отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Үкім: Жартылай шындық
Дүниежүзілік банк дергіне сай, 2023 жылы ШЫҰ ұйымына мүше мемлекеттердің жылдық ЖІӨ өсімі 4%-пен 9% аралығында емес, 0% пен 8,3% арылығында болған. ЖІӨ ең төменгі өсім Пәкістанда (0%), ал ең жоғарғы өсім Тәжікстанда (яғни 8,3%). Қазақстанның ЖІӨ жылдық өсімі — 5,1%. Ұйымға жаңадан қосылған Беларусь көрсеткіші — 3.9%.
Мәлімдеме: ШЫҰ мемлекеттерінің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі қазірдің өзінде 30 пайызды құрайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Үкім: Шындық
Халықаралық валюта қорының дерегінше, әлемдік ЖІӨ бойынша Шанхай ынтымастастық ұйымына мүше елдердің үлесі— 31,9%. Ұйым елдерінің арасында әлемдік ЖІӨ-де Қытайдың үлесі — 18,7%, Үндістанның үлесі— 7,59%, кейінгі орында Ресей, оның үлесі— 2,9%. Ал Қазақстанның әлемдік ЖІӨ-де үлесі — 0,37%.
Мәлімдеме; Бүгінде Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саудасы 8 триллион доллардан асты. Бұл – әлемдік сауданың төрттен біріне тең.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Үкім: Шындық
UNCTAD дергіне сай, 2022 әлемдік сауда көлемі 32 триллион АҚШ долларына жетті. Ал Тоқаев айтқан ШЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы сауда көрсеткіштерінің жалпы көлемі 2022 жылы Беларусь деректерін қоса алғанда (76.9 млрд доллар) 8,93 триллион АҚШ доллары болған және бұл әлемдік сауданың 27,9 %-і.