Қазақстанға көрші елде «белгісіз вирус» тарап жатыр ма?

Наурыз айының соңында Instagram әлеуметтік желісінде «Қазақстанға көрші елде белгісіз вирус тарап жатыр» деген ақпарат тарады. Жарияланымның мәтінінен мән берсек, Ресейде вирусты жұқтырғандарда апта бойы қызу көтеріліп, қатты қанды жөтел болады-мыс. Мәтінде мұның Covid-19 емес екені айтылады (1, 2, 3, 4). Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Қазақстанға көрші елде «белгісіз вирус» тарап жатыр ма?
Instagram желісінің скриншоты

Үкім: Жалған

Ресейдің роспотребнадзор органы ақпаратты терістеді. Ресми органның хабарлауынша Ресейде жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық мониториң мен геномдық қадағалау барысында жаңа вирустар немесе маңызды мутациялары бар вирустар анықталмаған. Медианың «белгісіз вирус» дегені — микоплазмалық пневмония.

Толығырақ

Ақпарат алғаш рет 29 наурызда SHOT телеграм арнасында жарияланған. Жазбада «Ресейде белгісіз вирус пайда болды. SHOT хабарлағандай, жұқтырғандарда апта бойы жоғары қызу тіркеліп, қатты жөтел байқалған, бірақ оларда Covid пен тұмауға анықталмады» деп жазылған. Осы ақпарат қазақстандық медиаларда да жазыла бастады. Алайда, Ресейдің роспотребнадзор органы «белгісіз вирусқа» қатысты жауап берді. Онда Ресейде жаңа вирустар мен әртүрлі мутациялардың анықталмағаны жазылады.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Мәскеудегі штаб директоры, Ресейлік ТАСС медиасына берген сұхбатында ақпаратты жоққа шығарды. ДДСҰ-ның Ресей астанасындағы офис басшысы Батыр Бердыклычев «бұл жаңа вирус емес. Тіркелген жағдайлардың саны эпидемиологиялық қауіпті жоғарылатпайды», – деп мәлімдеді. Екі органның да жазуынша, бұл— микоплазмалық пневмония.

Роспотребнадзордың жазбасына сүйенсек, Мәскеу маңында осы симптомдармен ауырған 5 адам тіркелген. Олардың медициналық көмекке жүгінген күндері нақты көрсетілмесе де, телеграмдағы «белгісіз вирус» туралы ақпарат тарағанға дейін болғанын жазады. Кейінгі талдау нәтижелеріне сәйкес, ауырғандардан «микоплазмалық пневмония» екені анықталған.

Яғни ешқандай да жаңа немесе белгісіз вирус емес. Ресейлік орган ауырғандардың саны аздығынан эпидемиологиялық қауіп жоқ екенін мәлімдеді. «Әрине, жағдайлардың саны эпидемиологиялық қауіп төндірмейді», – деді Батыр Бердыклычев.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz