26 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) президентінің кеңесшісі, еліміздегі футбол чемпионатының жаңа логотипі туралы жазба жариялады. Сол күні ҚФФ-ның ресми сайтында жаңа логотиптің суретімен чемпионат туралы жаңалық шықты. Кейбір спорт туралы жазатын сайттар жаңа логотипті модерн мен дәстүр бір стильде ұштасқан дейді. Алайда, әлеуметтік желінің кейбір пайдаланушысы оның интернеттен көшірілген деп күмәнданды.

Factcheck.kz редакциясы логотип расымен интернеттен алынған ба деген сұрақтың жауабын іздеп көрді.
Үкім: Шындық
Қазақстан премьер лигасының жаңа логотипінің қара-ақ түсті нұқсасын, дайын логотиптердің вектор форматында ұсынатын Vecteezy.com сайтынан көруге болады. Сондай-ақ, осы логотип Pinterest сайтында да тұр. Интернеттегі нұсқаны сайттарда жүктеу тегін. Жүктелген файлды арнайы фото өңдеу қосымшасына енгізсе, оған өз бетінше өзгертулер жасауға болады. Қазақстан премьер-лигасының өкілдері, дайын логотипке көк түс қосып, ортасына ою бейнеленген допты қойған. Ең шеткі жанындағы екі сызықты алып, астына лига атауын жазған.

Лототипке қанша қаржы жұмсалды?
Логотип туралы алғаш жазған ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрманның парақшасындағы жазбада, логотипке мүлде ақша жұмсалмағаны жазылады. Жазба авторы «Бренд-букті серіктестеріміз ұсынды» деген пікір қалдырған. Жарияланымда ҚФФ-ның ресми аккаунтарында таныстырылым болатыны жазылған. Алайда, федерацияның әлеуметтік желілерінде де, сайтында да танысытырылым туралы жазбаны байқамадық.
Логотипті ауыстыруға не себеп болды?
2024 жылдың маусымында мәжіліс депуттатары букмекерлік кеңселерге жарнама жасау туралы заңды талқылап, жарнамаға тыйым салу мәселесін қарастырған еді. 2020 жылдан бастап еліміздегі футбол лигасына Olimpbet букмекерлік кеңсесі демеуші болған. Сол кезеңдерді лига атауы «OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты» болатын. 2025 жылдың ақпанында ҚФФ-ның президенті лига атауынан букмекерлік кеңсе атын алып тастау туралы шешімін айтқан. Кейіннен лига атауы «Қазақстан Премьер-лигасы» деп өзгертілді.
Интернеттен алынған логотипті қолдану бірінші рет емес
Қазақстандағы мекемелер логотипті интернеттен көшіру туралы бірнеше рет көзге түскен. 2022 жылы Factcheck.kz редакциясы Республика күніне орай жасалған логотиптің TopStudio атаулы автордан көшірілгенін жазған. Сондай-ақ, 2017 жылы шыққан 500 теңгеліктегі шағала Уикипедиядан алынғаны туралы ақпарат тараған. Бұл туралы сол кезде де Factcheck.kz кеңінен талдаған еді. 2018 жылы да «Рухани жаңғырудың» логосы да плагиат дауына іліккен. Ол кезде де талқылап, мәселені жан-жақты жаздық.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.