Қазақстан қауіпсіз елдер рейтиңінде жоғарылады ма?

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде қауіпсіз елдер рейтиңі туралы ақпарат жариялана бастады. Ақпаратқа сай, Қазақстан бұл рейтиңде Ұлыбритания, АҚШ және Бельгия сынды мемлекеттерден жоғары орналасқан дейді (1,2,3,4). Ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Ulysmedia және басқа да сайттар Numbeo-ның дерегіне сүйене отырып ақпарат таратқан. Numbeo статистикасы мен методикасы күмән тудыратыны жайлы біз бұған дейін де бірнеше рет жазғанбыз. Соған қарамастан әлі күнге дейін бұл сайттың түрлі рейтиңіне сілтеп, ақпарат таратып отырған медиалар көп.

Қауіпсіздікке байланысты әлемдік рейтиң бар ма?

Бұл жерде біз “қауіпсіздік” мәселесін қылмыс санының статистикасы бойынша қарастырамыз. Халықаралық ұйымдар қылмыс саны немесе басқа да деректер бойынша рейтиң жүргізбейді. Тек қолда бар статистика бойынша ақпарат береді. Мысалы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының дерегін қауіпсіздік деңгейін көрсететін статистика ретінде алуға болады. Дерекке қарап 100 мың адамға шаққанда Қазақстанда кейінгі жылдары қылмыс санының азайғанын байқауға болады.

Қазақстанда жағдай қалай?

Ал құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының дерегінше, қылмыс саны жыл сайын азайып келеді. Кейінгі 5 жылда тіркелген құқық бұзушылықтар саны 32%-ке азайған.

Қазақстан қауіпсіз елдер рейтиңінде жоғарылады ма?

Дегенмен қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайғанымен әкімшілікке қатысты оқиғалар азаймай тұр. Кейінгі 3 жылдың дерегін қарасақ жыл сайын кем дегенде 4 млн-дан астам оқиға тіркелген. 2024 жылдың 2 тоқсандағы статистика бойынша, 7 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның 2 млн-ға жуығы Алматы қаласында, 715 мыңы Астанада тіркелген.

Қазақстан қауіпсіз елдер рейтиңінде жоғарылады ма?

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz