Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Мессенжерлер мен әлеуметтік желіде тағам өнімдерінің қаптамасында көрсетілген логотиптердің бірі болса, олардың құрамында «вакцина бар» деген хабарлама таратып, тұтынушылардан сақ болуды сұрайды.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар
Тарап жатқан скриншот

Бұл хабарламада нақты қандай вакцина туралы сөз болғаны және ол тағам өнімдеріне қалай қосылады деген мәлімет жоқ. Ал суреттегі хорват тіліндегі мәтінде сәл өзгеше ескерту айтылған: «Бұл логотиптер бар өнімдерде у бар» делінген.

Осы логотиптердің тек біреуі 37 мыңнан астам тауар атауында кездесетінін ескерсек, Factcheck.kz бұл белгілердің шын мәнінде нені білдіретінін және оларға ие өнімдерде вакцина болуы мүмкін бе деген сұрақты зерттеп көрді.

Үкім: Фейк

Скриншотта көрсетілген барлық логотип — адал сауда (fair trade), әлеуметтік және экологиялық жауапты әрі тұрақты кәсіпкерлік саласындағы сертификаттауға қатысты. Олардың вакцинацияға немесе жалпы денсаулық сақтау саласына еш қатысы жоқ.

Басқаша айтқанда, бұл ұйымдар дамушы елдердегі фермерлер мен жұмысшылардың өмірі мен еңбек жағдайын жақсарту, олардың адам құқын, ар-намысын, жергілікті экология мен өңделіп жатқан жерлерін қорғау мақсатында жұмыс істейді.

Одан бөлек, Associated Press сұхбаттасқан зерттеушілердің айтуынша, қазіргі таңда вакциналарды тағам құрамына тиімді әрі қауіпсіз түрде енгізудің ғылыми тұрғыдан дәлелденген жолы жоқ. Бұл тәсіл болашақта кейбір елдегі вирустармен күресте тиімді болуы мүмкін, бірақ әзірге мүмкін емес.

Ал бұл жалған ақпараттың түпнұсқасы — яғни өнімдердің құрамында у бар деген хабарлама — кем дегенде 2023 жылдан бері желіде жүр және оны хорват және латвиялық фактчекерлер жоққа шығарған (1, 2). Орыс тіліндегі «вакцина» туралы нұсқасы сол кезде пайда болды.

Бұл логотиптер бұрын да түрлі конспирологиялық теориялардың нысанына айналған. Ең көп алаң тудырған белгі — жасыл бақа бейнеленген Rainforest Alliance логотипі. 2023 жылдың өзінде бұл белгі тағам құрамында атразин, генетикалық модификацияланған шикізат, графен, жәндіктер және тағы да вакциналар бар деген сияқты бірнеше жалған хабарламалардың тақырыбына айналды. Кейбіреулер бұл ұйымды Билл Гейтспен байланыстырады, бірақ ол бұл ұйымның мүшесі болмаған, тек өз Қоры арқылы бірнеше рет қайырымдылық жасаған.

Бұл логотиптер нені білдіреді?

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Fairtrade International — әлемдегі ең танымал этикалық таңба және әділ сауда саласындағы ең танымал белгі. Дәл осы ұйым әзірлеген стандарттардың арқасында 70 елдегі 2 миллионнан астам фермер мен жұмысшының өмірі мен еңбек жағдайы жақсарып келеді. Төменде аталған әділетті сауда белгілерінің басым бөлігі өз стандарттарын әзірлеу барысында ұстанымдарын негізге алған.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Rainforest Alliance — «бақа» белгісі бұл өнім немесе сусын өндірісі орманды, климатты, адам құқын және фермерлердің өмір сүру деңгейін қорғауға арналған қатаң талаптарға сай екенін білдіреді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Naturland — бұл белгі өнім немесе оның құрамындағы компоненттерді өндіруші фермерлер экологиялық тұрақты басқару қағидаларын ұстанатынын, табиғат, климат және биоалуантүрлілікті қорғау шараларын қолданатынын білдіреді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Naturland Fair — жоғарыда аталған Naturland ұйымының қосымша сертификаты, фермерлік қызметтің әлеуметтік қырларын қамтиды: лайықты еңбек шарттары, балалар еңбегінің болмауы, адам құқына және жергілікті заңдарға құрмет. Адал сауда қағидаттарына негізделген.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Label Tourisme Équitable — Францияның әділетті және ынтымақты туризм қауымдастығы (ATES) әзірлеген, әлеуметтік және экологиялық әділ туризм саласындағы 50 талапқа сай келетін сертификат. Мақсаты — туризмді жергілікті халықты қолдайтын және олармен ынтымақ орнататын құралға айналдыру.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Fair Trade Certified — АҚШ аумағында адал сауда қағидаларына сай өндірілген өнімдерді сату үшін әзірленген Fair Trade USA ұйымының белгісі.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

World Fair Trade Organization (WFTO) — Әлемдік Адал Сауда Ұйымының (WFTO) логотипі. Бұл ұйым 84 елде 1 миллионнан астам адамның өміріне оң әсер етіп, өзінің жеке сертификатын ұсынады.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Équitable & Bio Biopartenaire — Франциялық белгі, онда фермерлерге лайықты еңбекақы мен өмір сүру шарттары, кәсіподақтар, балалар еңбегінің болмауы, гендерлік инклюзия және жер құнарлылығын сақтау сияқты міндеттер бекітілген. Сондай-ақ климаттық форс-мажор жағдайында фермерлерге қолдау көрсету мен оларды табыс үлестіру жүйесіне қатыстыру сияқты егжей-тегжейлі талаптар бар.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

spp.coop — SPP, яғни шағын өндірушілер белгісі, ұйымдасқан шағын өндірушілер альянсын білдіреді. Бұл альянс жергілікті және жаһандық нарық құруды мақсат етеді. Ол нарық шағын өндіруші ұйымдардың өнімдерінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және экологиялық үлесін бағалауы тиіс. Бұл логотип тұтынушыларға өнімдердің шынайы, демократиялық, өзін-өзі басқаратын шағын өндіруші ұйымдардан келетінін және олардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени және экологиялық тұрақтылық критерийлеріне сәйкес өндіріліп, әділетті шарттармен сатылғанын кепілдейді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

GEPA the fairtrade company — бұл логотип Үшінші әлем елдерімен серіктестікті дамыту қоғамына тиесілі. GEPA Африка, Латын Америкасы, Азия және Еуропадағы 45 елдегі 131 өндірістік кооперативпен жұмыс істейді. Осы кооперативтердің өнімдері әділетті сауда ережелеріне сай 900-ден астам серіктес дүкен арқылы таратылады.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

GEPA fair-plus.de — «Үшінші әлем елдерімен серіктестікті дамыту қоғамының» (GEPA) жеке белгісі. Бұл белгіні GEPA өнімдердің тек әділ сауда стандарттарына ғана сай емес, сонымен қатар осы стандарттардан бір қадам алға кетіп, серіктес елдердегі фермерлердің өмір сүру жағдайын жақсартуға ұмтылатынын көрсету үшін әзірлеген.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Fair for life — Fairtrade белгісіне ұқсас сертификаттау таңбасы. Ол әділ сауда және әлеуметтік жауапты өндірістік тізбектерге басымдық береді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

For life (produced with social responsibility) — жоғарыда аталған Naturland және Naturland Fair белгілеріне ұқсас. Fair for life және For life — өзара байланысты сертификаттар, бірақ атқаратын қызметі әртүрлі. Fair for life әділ сауда мен өндірістік желілерге бағытталса, For life компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жетістіктерін кеңірек көрсетуге мүмкіндік береді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Fair bio tea — Қытайда шай өндірісінің тұрақты, әлеуметтік-экологиялық және денсаулыққа пайдалы даму жолын ынталандыру мақсатында шай импорттаушылар құрған бастама. Бұл — Rainforest Alliance, Fairtrade және басқа сертификаттардың жергілікті баламасы.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Gebana — Еуропалық интернет-супермаркет. Ол үш құрлықтағы отбасылық шаруашылықтарды қолдау мақсатында құрылған және тұрақты даму мен әділеттілік қағидаттарына негізделген.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Таңба бұл өнімді (немесе оның компоненттерін, мысалы, какао бұршақтарын жинау кезінде) өндіруде құлдықтағы балалар еңбегі қолданылмағанын білдіреді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Pro Planet — 2020 жылы дизайны өзгертілген, ескірген таңба. Бұл — неміс REWE Group корпорациясының жеке белгісі. Ол өнімдер мен қызметтердің тұрақты даму қағидаттарына сай екенін білдіреді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

One World (Aldi fairtrade label) — неміс Aldi супермаркеттер желісінің жеке әділетті сауда белгісі. Бұл белгі өнімнің әділетті сауда стандарттарына сай өндірілгенін білдіреді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Fairglobe — неміс Lidl супермаркеттер желісінің әділетті сауда белгісі. Ол өнімдердің әділетті сауда қағидаттарына сай екенін көрсетеді.

Фейк | Бұл логотиптер бар өнімдердің құрамында вакцина бар

Hand in Hand Bio. Fair. Rapunzel — немістің Rapunzel бренді әзірлеген тағы бір жеке әділетті сауда белгісі. «Қол ұстасқан» бұл белгі 1992 жылы Rapunzel табиғи азық-түлік дүкені арқылы енгізілген. Мақсаты — жеткізушілер арасында экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты ынталандыру.

КСО, ESG и всё, что рядом. Дважды вошла в 100 молодых учёных планеты по версии Большой Двадцатки G20 в 2017 и 2018 годах. Окончила Grenoble Ecole de Management, London Metropolitan University, и KIMEP University. Профессиональное портфолио расстилается как по жанрам (от научных статей для Чартерного института ценных бумаг и инвестиций до заметок в таких изданиях, как Financial Times), так и географически с публикациями в СНГ, США и разных страх Европы.

Factcheck.kz