Алматыда ауа ластануы бойынша үш жылдық рекорды жаңарды ма?

Шілденің басында түрлі сайттар Алматыдағы ауаның ластану деңгейіне қатысты жаңалықтар жариялай бастады. Тіпті кейбірі “ауа ластануы бойынша үш жылдық рекорд жаңарды” деп тақырып қойып, жарыса жазып жатыр (1,2,3,4). Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz тексеріп көрді.

Алматыда ауа ластануы бойынша үш жылдық рекорд жаңарды.

Тарап жатқан ақпарат

Үкім: Шындық және кликбейт

Шындығы: ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Алматыда расымен де кейінгі 3 жылда ауа ластаушы шығындылар саны өскен. Мысалы, 2021 жылы 40,8 мың тонна, 2022 – 41,4 мың тонна болса, 2023 жылы 44 мың тоннаға дейін жетті.

Кликбейт: “Үш жылдық рекорд жаңарды” деген тіркесті тақырыпта қолдану – кликбейт. Себебі “рекорд” сөзі нақты бір кезеңге не жылға таңылмайды, ол белгілі бір уақыттағы ең жоғарғы/төменгі көрсекішті білдіреді.

Ал жалпы 2023 жылы атмосфералық ауаға ластаушы заттардың көлемі – 2 257,5 мың тоннаға жетті, өткен жылмен салыстырғанда 2,4% төмендеді. Өңірлер бойынша ауа ластағыш заттардың ең жоғарғы көрсеткіші Павлодар (694,2 мың тонна) мен Қарағанды облысында (455 мың тонна).

Алматыда ауа ластануы бойынша үш жылдық рекорды жаңарды ма?

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі Алматыдағы ластану мәселесін шешу үшін арнайы жоба әзірлеген болатын.

Жобаның мақсаты – мониторинг жүргізу, деректерді талдау және Алматы қаласындағы ауаның сапасын жақсартуға арналған шешімдерді қабылдауға арналған цифрлық құралды әзірлеу. Осы мақсатта біз Алматы қаласының әкімдігімен және AirVision.kz қоғамдық қорымен ынтымақтастықта жұмыс істейміз.

БҰҰДБ жобасы

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz