Түркістанда патриоттар форумы мен ту көтеру рәсіміне 12 млн теңге жұмсалды

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді. Осы күні елдің туы, елтаңбасы мен әнұраны бекітілді. Бұл күн ресми түрде демалыс саналмайды, бірақ аймақтық билік мұндай жағдайда салтанатты іс-шараларды өткізу мүмкіндігін қалт жібермейді.

Мысалы, Factcheck.kz редакциясы мемлекеттік сатып алым порталынан Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Түркістан облысы әкімдігі жариялаған «Облыстық патриоттар форумын» өткізу туралы тендерін тапты.

Патриоттар форумы мен ту көтеру рәсімі

Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметтері бойынша, 17 сәуірде Түркістан облысының қоғамды дамыту басқармасы «”Жалын” жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігімен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бірқатар патриоттық іс-шараға арналған келісім жасады. Келісім-шарт сомасы 12 472 232 теңге болды.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, жеткізуші 3 маусымда өткен патриоттардың аймақтық форумын ұйымдастыру керек болды. Талаптарда бұл қандай шара екені жазылмаған, алайда, оны өткізу үшін қажет нәрселер егжей-тегжейлі айтылған. Ол үшін жеткізуші 500 адам сиятын ғимаратты жалға алып, LED экран, музыкалық аспаптар, екі дыбыс күшейткіш, ғимараттың іші гүлмен, шармен, мерекелік ленталармен және екі баннермен безендіруі қажет.

Сонымен қатар, сипаттамада қатысушылар арасында байқау өткізілуі керек екені жазылған, бірақ нақты қандай екені көрсетілмеген. 12 жеңімпазға естелік кәдесыйлар, гүлдер, сондай-ақ алғыс хаттар табысталуы керек. Қалған қатысушыларға форум логотипі бар 300 футболка мен бейсболка, қалам, блокнот және басқа сувенирлер беруі керек. Сонымен бірге, форумның өзін камераға түсіру және Facebook, Instagram және Tiktok әлеуметтік желісінде тарату керек. Халықтың көңілін көтеру үшін 10 ән орындаушы, 10 биші, сонымен қатар 20 адамнан флешмоб ұйымдастырылған. Концертті екі жүргізуші өткізуі керек.

Алайда, мереке мұнымен аяқталмайды. Сондай-ақ, әкімдік қызметкерлері Түркістан алаңында безендірілген 20 көлікке форумға қатысушыларды салып алып Түркістан алаңына дейін парад өткізген, онда ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шарада хормен мемлекеттік әнұран орындалды, одан кейін көпшіліктің көңілін көтеру үшін бишілер мен әншілер қайтадан сахнаға шықты.

Айтпақшы, форумды жарнамалау үшін аймақтың әр ауданында және қаласында бір баннер, ал облыс орталығында тағы алты баннер орнатылды.

Шар ұстаған полицейлер, автомобиль шеруі және флешмоб

Бұл 4 маусымда Түркістанда өткен шарада болған есте қаларлық сәттердің бір бөлігі ғана. Ontustik телеарнасының мәліметінше, іс-шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік органдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, танымал спортшылар, қоғамдық пікір лидерлері, жастар, қала тұрғындары қатысты. «Керуен сарай» кешенінен «Рәміздер алаңына» дейін созылған ұлттық жалаулармен безендірілген автомобильдер кортежі туралы да айтылды.

Репортажда мерекені күзеткен, бірақ сонымен бірге ту мен шарларды желбіреткен полиция қызметкетлерін байқауға болады. Сондай-ақ, рәсімге көптеген оқушы қатысты, олардың кейбіреуі билеп, флешмоб көрсетті. Техникалық ерекшелікте құқық қорғау органдары мен оқушыларды тарту туралы айтылмағаны күдік ұялатады.

Форум туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды. Оқушылар сарайында өткен жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімі туралы айтып, «ғылымдағы, спорттағы, медицинадағы, волонтерліктегі және т.б. үздіктерді» естелік сыйлықтармен марапаттады.

Басқа аймақтарда не болды

Осыған ұқсас іс-шаралар тек Түркістан облысында ғана емес, басқа өңірлерде де өткізілгенін атап өткен жөн.

Мысалы, Шымкент әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге 4 821 428 теңге жұмсады. Бұл ақшаға билік 100 қала тұрғыны арасында байқау ұйымдастырды, онда бас жүлде 109 сантиметрлік теледидар болды. Олар сондай-ақ «Бұқаралық ақпарат құралдарында насихат жасау», концерт және түрлі естелік сыйлықтар ұсынды.

Жетісу облысының билігі патриоттар форумын өткізді, бірақ шығын сомасы 3 291 672 теңге болған. Осы сомадан бағдарламаның 12 қатысушының әрқайсысына 250 000 теңгеден ақшалай сыйақы, грамота табысталып, мереке өткізетін ғимаратты безендірген.

Ал Жамбыл облысында мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған іс-шаралар кешенін өткізу үшін 3 353 000 теңге сомасына келісімшарт жасалды. Техникалық ерекшелікке сәйкес, билік әлеуметтік желіде бірқатар үгіт-насихат роликтерін іске қосты, жергілікті тұрғындар арасында Мемлекеттік рәміздер туралы викторина, патриоттар форумы, шеру және ақшалай сыйлықтармен бірнеше байқау өткізді.

Әрі қарай не болады

Түркістан облысының әкімдігі туды көтерудің кезекті рәсімін Республика күніне жоспарлап отыр. «Шығармашылық жастар» қоғамдық қорымен 3 783 214 теңге сомасына шарт Мемлекеттік сатып алым сайты арқылы жасалды. Сипаттамаға сүйене отырып, бағдарлама іс жүзінде бірдей болады. Әңгіме өткізу орнын шарлармен және ленталармен безендіру, музыкалық жабдықты жалға алу және жүргізушілермен концерт өткізу туралы. 10 машинадан тұратын автомобиль шеруі және кезекті көпшіліктің әнұран орындауынсыз болмайтыны тағы белгілі.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz