Алматы әкімдігі «отбасы құндылығын насихаттауға» 9 млн теңге жұмсаған

Кейінгі бір айда Қазақстанда қоғам назарын аударған екі петиция пайда болды: біреуі тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы заңға, екіншісі «ЛГБТ пропагандасына» қарсы. Авторлар елде «отбасы институты құрдымға кетіп жатқанын», «дәстүрлі құндылықтардан бас тартып жатқанын» айтады.

Шын мәнінде, билік бюджет қаражатының миллиондаған қаржысын отбасы және «дәстүрлі» құндылықтарды насихаттауға жұмсап жатыр. Factcheck.kz редакциясы бір мемлекеттік тапсырыс негізінде не болып жатқанын көрсетеді.

 «Отбасылық құндылықтар» конкурсы

5 маусымда Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы «Жанашыр» халықаралық қайырымдылық қорымен «Мерейлі отбасы» конкурсын ұйымдастыруға 8 999 000 млн теңгеге келісімшарт жасаған. Құжатта бұл тендердің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс екені айтылған, алайда келісімшарт өтпей қалған сатып алу бойынша бір дереккөзден жасалған. Яғни, ашық конкурс өткізілмеген.

Келісімшарт деректеріне сәйкес, «Жанашыр» қорын Жаңыл Апетова басқарады. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Алматы қаласы бойынша PR-менеджері ретінде тіркелген.

«Мерейлі отбасы» — 2013 жылы бекітілген ұлттық конкурс. Ол «отбасы құндылықтарын насихаттауға, отбасы институтын нығайтуға және отбасы, рухани нормаларды культке айналдыруға» бағытталған. Конкурс елдің барлық өңірлерінде өтеді, ал финал әдетте Астана қаласында қазан айының аяғында болады. Үздік отбасыларды анықтау үшін ұйымдастырушылар комитеті отбасы құрамын, жетістіктерін, отбасылық дәстүрлерді, қоғамға пайдалы әрекеттерді ескереді.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, Алматыдағы конкурс қазанның басында өтуге тиіс. Оны ұйымдастыру үшін компания сахнасы бар концерт залын жалға алып, дыбыс және жарық аппараттарын беруі, ғимаратты баннер, ленталармен және басқа да атрибутикамен безендіруі керек. Конкурста екі жүргізуші болады, ал қонақтар мен қатысушылардың көңілін көтеру үшін концерттік бағдарлама эстрада әншілерінің қатысуымен өтеді. Іс-шараны жарнамалау үшін кемінде үш баспасөз құралы шақырылады, олар бес имидждік мақала жариялауға тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде промоушен үшін #0tbasym2024 хэштегі іске қосылады.

Конкурс нюанстары туралы ақпарат аз, алайда қалалық деңгейде жеңіске жеткен отбасы мен аудандық деңгейдегі сегіз жеңімпаздың марапатталатыны айтылған. Бас жүлде сыйлығы 800 000 теңге я болмаса осы сомаға сәйкес сыйлық беріледі. Аудандық деңгейдегі бірінші орынға 400 000 теңге, ал қалған қатысушыларға дипломдар мен еуробукеттер қарастырылған.

Іс-шара қорытындысы бойынша компания екі данадан шығармашылық және қаржы есебін тапсырып, оған мыналарды тіркеуі керек: қатысушылар тізімі жеке деректерімен, баспасөз хабарламасы, сөйлеген сөздердің үзінділері, сапалы фотолар, өткен конкурс туралы баспа және электронды БАҚ материалдарының көшірмелері.

Басқа қалалар бойынша

Конкурс ұлттық сипатта болғандықтан, Қазақстанның басқа да өңірлерінде өтеді. Алайда, мемлекеттік портал деректері бойынша, Алматы әкімдігі оны өткізуге бәрінен көп қаржы жұмсаған.

Мысалы, Маңғыстау облысы билігі бұл іс-шараға 8 000 000 теңге,  Батыс Қазақстан облысы7 142 857 теңге, Шымкент6 280 357 теңге, Атырау облысы6 250 000 теңге, ал Ақмола облысы 3 000 000 теңге бөлген. Өңірге байланысты жеңімпаздарға берілетін сыйлықтар да әртүрлі. Батыс Қазақстан облысы мен Шымкенттегі жеңімпаздар 1 000 000 теңгеге сертификат алса, Атырау облысында 600 000 теңге, Ақмола облысында 100 000 теңге қарастырылған.

Бұл конкурсты президент Қасым-Жомарт Тоқаев та мақтаған еді. Оның сөзінше, осындай шаралардың арқасында ел «бірлік пен сыйластық орнаған үлгілі отбасылар туралы» біледі. «Барлық уақытта халқымыз отбасылық дәстүрді құрметтеді. Үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болу біздің ұлттық мәдени кодымыздың бөлшегі болды» деді ол.  

«Дәстүрлі еместің бәріне» қарсылық

Бюджет қаражатын жұмсаумен қатар «дәстүрі емес құндылықтармен» күресушілер де отбасы құндылықтарын желеу етеді.

Мамырдың аяғында epetition.kz порталында «ЛГБТ-пропагандасына» тыйым салу талабы бар петиция пайда болды. Оның авторы – Қазақстандық ата-аналар одағының төрайымы, қоғам белсендісі Бағила Балтабаева «кітап сөрелерінен, теледидар экранынан және смартфоннан жастардың сексуалды қарым-қатынас туралы теріс стандарттарын қалыптастыратын, ал дәстүрлі құндылықтар өткеннің сарқыншағы ретінде көрсетілетін ақпарат ашық таратылып жатыр» деп жазды.

Балтабаева осындай «пропаганда» үшін заң бойынша жаза беруге шақырды. Мысал ретінде ол «гомосексуалдық» үшін қылмыстық бап бар, үш жылға дейін қамауға алу қарастырылған Өзбекстанды, 2022 жылы «дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынастардың пропагандасына» тыйым салу туралы заң қабылдаған Ресейді мысалға келтірді.

Бір қызығы, екі аптадан да аз уақыт ішінде ЛГБТ тыйым салу туралы петицияға 50 мың адам қол қойған және оны енді парламент қарастырады. Ал желіде дәрігер, мұғалім, әкімдік қызметкерлерін осы құжатқа қол қоюға мәжбүрлегені туралы ақпарат пайда болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі «дәстүрлі емес пропагандаға» тыйым салу адам құқықтарын бұзбайтынын, ал министр Аида Балаева қауесет туралы пікір білдірмейтінін айтты.

Осыдан кейін порталда Қазақстандық ата-аналар одағынан тағы бір петиция пайда болды. Онда 15 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы заңға қарсылық білдірген. Оның авторы Алена Г. заңды алып тастауды сұрап, ұрып-соғу қылмыстық бапқа себеп бола алмайтынын, «балаларды ұрғаны үшін отбасынан тартып алу механизмі іске қосылып жатқанын» айтқан. Factcheck.kz редакциясы петицияны талдап, оның неліктен манипуляция екенін жазған еді.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz