Алматы әкімдігі «автобус зиратын» сатқаннан қанша ақша табады

Жақында қазақстандық БАҚ беттерінде (1, 2, 3, 4) Алматы қаласы әкімдігі атышулы «автобус зиратындағы» көліктерді саудаға шығарғаны туралы хабар тарады. Бұл тұрақты күтіп-ұстауға көп қаражат жұмсалғаны белгілі. Factcheck.kz редакциясы әкімдік «автобус зиратының» саудасынан қанша табыс тапты және болашақта қанша пайда көруі мүмкін екенін анықтап көрмек болды.

Дисклеймер: бұл материалда келтірілген есеп шамамен алынған және кейбірі ең төменгі мәндер мен болжамды деректерге негізделген.

573 автобус – темір-терсек бағасымен

Автобустар электронды сауда алаңы арқылы аукцион форматында сатылған. Бұл платформада көбіне сотталған шенеуніктер, олигархтар және басқа да тұлғалардан тәркіленген мүліктер сатылады. Мысалы, бұл жерде ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйі, бұрынғы индустрия вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың Bentley көлігі, сондай-ақ қымбат сағат, гауһар тастар және басқа да бағалы заттар сатылымға қойылған.

Автобустар түрлі тәсілмен сатылған. Электронды сауда алаңының мәліметінше, «Алматыэлектротранс» ЖШС Yutong маркалы 573 автобусты темір-терсек бағасымен саудалаған. Аукцион 3 маусымда басталған. Автобустардың бағалау құны 93 314 747 теңге болғанымен, сауда нәтижесінде бұл сома 160 332 109 теңгеге жеткен. Яғни бір автобустың құны 280 мың теңгеге шыққан.

Сонымен қатар, аукционға қатысушылардың әрқайсысы кепілдік жарна ретінде 13 997 213 теңге төлеуге міндетті болған. Алайда нақты неше адам саудаға қатысқаны белгісіз.

Сипаттамада автобустардың 2010 жылы шыққаны жазылған. Аукцион кезінде олар Қайназар ауылында тұрған. Сауда жеңімпазы автобустарды 60 күн ішінде өзі алып кетуге міндетті. Егер автобусты бөлшектеу қажет болса, бұл жұмыс көлік тұрған жерде емес, басқа орында және сатып алушының есебінен жүргізілуге тиіс.

Осылайша, 573 Yutong автобусын сату арқылы билік ең кемі 174 329 322 теңге табыс тапқан (ең аз дегенде бір сатып алушы болған жағдайда).

Арзан бағаға кеткен 86 автобус

Yutong маркалы автобустардан бөлек, ЛиАЗ маркалы 86 автобус та аукцион арқылы жеке-жеке сатылған.

Сипаттамада барлық автобустардың жасыл түске боялғаны және жұмыс істемейтіні көрсетілген. Автобустар 2017 жылы шыққан. Оларды Іле ауданының экономика және қаржы бөлімі сатқан. Сауда маусым айында өткен. Әр автобустың бастапқы бағасы 3 059 2803 561 240 теңге аралығында болғанымен, бағалау құны бір автобус үшін шамамен 1,2 млн теңге. Дегенмен, автобустар шын мәнінде әлдеқайда арзанға бағада 76 159161 254 теңге аралығында сатылған.

Сонымен қатар, әр қатысушы кепілдік жарна ретінде, көбіне, 152 964 теңге төлеген (мысалдар: мында, мында және мына жерде). Көп жағдайда саудаға үш адам қатысқан. Бұл – ең төменгі көрсеткіш. Кейбір жағдайларда қатысушылар саны мен жарна мөлшері жоғары болған.

Есеп бойынша, 86 автобус шамамен 9 395 533 теңгеге сатылған. Егер орташа қатысушылар саны мен жарнаны есептесек, қосымша 39 464 712 теңге түскен. Осылайша, ЛиАЗ автобустарын сатудан түскен жалпы табыс кемінде 48 860 245 теңге болған.

Осы екі партия автобусынан Алматы қаласы әкімдігі кемінде 223 189 567 теңге табыс тапты.

Әлі сатылмаған көліктер

Билік өкілдері сатуды жоспарлаған автобустардың барлығын әлі сатқан жоқ. Электронды сауда алаңының мәліметінше, қазіргі уақытта ЛиАЗ маркалы тағы 86 автобус өтінім қабылдау сатысында тұр. Олардың бастапқы бағасы алдыңғы лоттармен бірдей – бірлігіне 3 059 280 теңгеден басталады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, олар да алдыңғылар сияқты әлдеқайда төмен бағамен сатылуы мүмкін.

Егер осы автобустарға қатысты есептеулерді бұрынғы аукциондардағы параметрлер негізінде – автобус саны, кепілдік төлемдері және жарна мөлшерін өзгеріссіз алып есептесек, онда билік бұл партиядан тағы 223 189 567 теңге табыс табуы мүмкін.

Осылайша, өткен аукциондар мен қазіргі өтінімдерді есепке ала отырып, Алматы әкімдігі «автобус зиратының» мүлкін сатудан кемінде 620 708 456 теңге табыс табады.

Жасыл автобустарды сату әрекеттері сәуірден бері жалғасып келеді, алайда көп аукцион өтпей қалған. Порталда көрсетілгендей, биыл сәуірде ЛиАЗ автобустары бойынша 77 аукцион, мамырда 228, маусымда 83 аукцион өтпей қалған. Оның негізгі себебі – қызығушылық танытқан сатып алушылардың жетіспеуі.

Тағы бір қызық жайт, ЛиАЗ автобустарының басым бөлігі мына мекенжайда сақтаулы: Алматы облысы, Алатау қалалық әкімдігі, Жетіген ықшамауданы, Ертіс көшесі, 19. Бұл — атышулы алғашқы «автобус зираты» орналасқан мекенжай.

«Автобус зиратының» құны қанша еді

Бұған дейін Factcheck.kz Алматы билігінің «автобус зиратын» күтіп-ұстауға қанша қаржы жұмсағаны туралы жазған-ды. 2023 жылы Жетіген ауылында 823 көлік сақталған аумақ анықталғанын еске салайық. Сол кезде қоғам тарапынан «билік неге автобустарды жөндеп, іске қоспады?» деген сұрақтар жиі қойылған еді. Бірақ «Алматыэлектротранс» өкілдері мұны экологиялық таза көлік түріне көшу қажеттілігімен түсіндірді.

2024 жылдың соңында Алматы әкімдігі 175 000 000 теңгеге жаңа «зиратты» жалға алу туралы келісімшарт жасаған. Жалға алынатын аумақ кемінде 4,9437 гектар болуға тиіс және қала аумағында немесе шекарасынан 50 шақырымнан аспайтын жерде орналасуы қажет болған. Бұл жер 2025 жылдың соңына дейін жалға алынған. Жаңа тұрақ екі метрлік қоршаумен, темір қақпамен және бақылау камераларымен жабдықталуға тиіс болған.

Техникалық сипаттамада көрсетілгендей, 5 гектарлық аумақ қолданыстан шыққан көліктерді жинау мен сақтау үшін қажет деп көрсетілген. Мұнда барлығы 1 123 көлік сақталуы керек болған. Оған дәлел – «Алматыэлектротранс» мекемесінің 125 000 000 теңгеге жасаған келісімшарты. Бұл келісім 923 автобусты Жетіген ауылынан, 200 автобусты «Шығыс» автопаркінен, тағы 100 автобусты №1 троллейбус паркінен тасымалдауды жоспарлаған.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, жаңа «автобус зираты» билікке 300 000 000 теңгеге шыққан. Нәтижесінде, қоғам мен мемлекеттік органдар тарапынан айтылған сынға қарамастан, Алматы әкімдігі ескі автобустарды жөндеуден бас тартып, оларды сатуға шешім қабылдады. Оның үстіне, 2023 жылдан бері мемлекеттік органдар бұзылған автобустардың орнына электробус пен газбен жүретін көліктер сатып алуға 200 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл шешім қоғамдық көлікті экологиялық жағынан таза түріне ауыстыру қажеттілігімен түсіндірілді.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz