WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

WhatsApp мессенджері жаңа функцияны іске қосты. Енді пайдаланушылар мессенджер арқылы видео жіберген кезде аудионы алып тастай алады. Бұл туралы компанияның Twitter парақшасында хабарланды.

Бұл функция Android қолданушылары үшін қол жетімді. Алайда iOS қолданушыларына фукцияның нақты қашан іске қосылатыны белгісіз.


«Чатқа видео жібермес бұрын видеодағы дыбысты өшіре аласыз. Қазіргі уақытта Android қосымшасында қол жетімді», – делінген хабарламада.


Дыбысты өшіру түймесі WhatsApp-та немесе камерадан түсірілген видеоны бөліскен кезде функция жұмыс істейді.

WhatsApp қолданушыларына бұған дейін, Facebook-пен ақпарат алмасуға міндеттелген болатын. Желі пайдаланушыларына мәліметті Facebook-те бөлісу міндеттелгеннен кейін желі қолданушы саны азайған.

WhatsApp әкімшілігі қолданушылар санының тез төмендеуіне байланысты желі саясатын енгізуді 8 ақпаннан 15 мамырға ауыстырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz