Бірнеше шетелдік көшбасшыға COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина егетіні рас па?

«Вести» бағдарламасында «Әлем ресейлік “Спутник V” күтеді: бірқатар елдердің басшылары коронавирусқа қарсы вакцина салғысы келеді» деп аталатын сюжет шықты. Сюжетте бірнеше мемлекет басшыларының аты аталғанымен, оның ішіндегі кейбір ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы The Insider хабарлайды.

Сюжетте Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев, Молдова президенті Игорь Додон және Аргентина президенті Альберто Фернандестің Владимир Путин мен ресейлік ғалымдарға құттықтаулар жібергендері айтылды. Сюжет авторының айтуынша тек бір шетелдік көшбасшы вакцинаны өзіне сынап көруге шешім қабылдаған.

«2020 жылдың қазан айында филиппиндер ресейлік вакцинаның клиникалық сынақтарын бастауды жоспарлап отыр. Бірінші болып Президент Роберто Дутерте вакцинаны сынамақшы» деген хабар тараған болатын.

Президент Дутерте (айтпақшы, оның есімі Роберто емес, Родриго) Филиппинде ресейлік вакцинаны алғашқы болып салатыны туралы жаңалықты сейсенбіде One News телеарнасы таратты.

Бірақ аталмыш сюжет шыққан кезде Филиппиндік Тhe Manila Times газеті Президенттің баспасөз хатшысы Дутертеге тек 2021 жылдың мамырында вакцина салынатынын хабарлады.

Қыркүйек айының соңына дейін филиппиндік мамандар Ресейде вакцинаны сынаудың бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелерін зерттейді, қазан айында Филиппинде үшінші кезеңнің басталуы жоспарланған. Үшінші кезең наурыз айында аяқталуы тиіс. Оның нәтижелерін талдағаннан кейін ғана Дутерте вакцина қабылдауға дайын.

Осылайша сюжетте аты аталған мемлекет басшыларының арасында «Спутник V» вакцинасын салғысы келетіндер жоқ.

Factcheck.kz