Соңғы уақытта WhatsApp мессенджерінде “банан жемеңіздер” деген қытай тілінде жазылған сурет пен аудиожазба тарап жүр.

- Аудармасы: 23 адам (ұл, қыз) n7n9 вирусын жұқтырған. Жұқтырғандардың ең үлкені – 35, ең кішісі – 1 жаста.
- Көмек көрсеткен дәрігерлер оқшауланды.
- Қытайдың орталық телевидениесі уақытша банан жемеу керек деп хабарлайды. Әсіресе Наньхуэй 8424 коды бар банан. Себебі ол жақта вирус жұқтырған адамдар саны 13167-ге жеткен.
- Бұл ақпаратты группаға таратыңыз.
Үкім: Фейк
Нақтырақ – зомби-фейк. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында хабарлады. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жалған ақпарат таратқандар анықталып, жауапкершілікке тартылады деді.
Қосымша:
Қытайдың qianlong.com, zjol.com.cn сайттары да аталған жаңалықты жоққа шығарған.

Біріншіден, суретте көрсетілген H7N9 құс тұмауы вирусы екенін және оның жаңа коронавируспен (2019-nCoV) ешқандай байланысы жоқ екені жазылған. Екіншіден, бұл – ескі қауесет. 2019 жылдың сәуір айында Шанхай қоғамдық қауіпсіздік бюросының Чонгмин филиалы Шанхайдағы Нанхуйде тек 8424 қарбыз және 8424 банан бар деген қауесетті таратқан.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.