25 қыркүйекте Astana.tv арнасы «Елде туберкулезге шалдыққандар саны 4,5 пайызға азайған» деп хабарлады. Аталған ақпараттың рас-өтірігін factcheck.kz сайты анықтап көрді.
Елде туберкулезге шалдыққандар саны 4,5 пайызға азайған.
Astana.tv–дың хабарлауынша
Үкім: Үкім жоқ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, 2018 жылы туберкулезге бірінші рет шалдыққандар саны – 8803, 2019 жылы 8436 болды. Өткен жылы туберкулезге шалдыққандар саны 2018 жылға қарағанда 4,2 пайызға азайған. Бірақ телеарна нақты қай жылдар аралығындағы пайыздық есеп екенін көрсетпеген. Сол себепті үкімсіз қалдырғанды жөн көрдік. (2020 жылдың ресми дерегі әлі жарияланбаған)
Статистика не дейді?
ҚР Денсаулық Сақтау министрлігің мәліметінше, 2012-2019 жылдар аралығындағы туберкулезбен бірінші рет сырқаттанғандар мен өлім-жітім саны жылдан-жылға азайып келеді.

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.