6 маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин Германияда еңбек жайын жақсарту және жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шығын көлемін ішінара сақтандыру компанияларыны қаржыландыратыны жөнінде дерек келтірді. Осы және депутат айтқан өзге де деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.
Мәлімдеме: Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер жұмыс берушілерге қаржылық жүктемені жеңілдету шараларын енгізіп жатыр. Мысалы, Швейцарияда жазатайым оқиғалардан сақтандыру қызметкердің кәсіби әрекетінен болған жазатайым оқиғаларды да, кәсіби емес әрекетінен болған жазатайым оқиғаларды да қамтиды, бұл ретте жұмыс беруші кәсіби жазатайым оқиғалар үшін сыйақы төлесе, ал кәсіби емес жазатайым оқиғалар үшін қызметкер төлейді.
Сенат депутаты Андрей Лукин
Үкім: Шындық
Швейцарияның Қоғамдық денсаулық сақтау федералды басқармасының (FOPH) ақпаратына сәйкес, қызметке қатысты, кәсіби жазатайым оқиға шығынын жұмыс беруші төлесе, жұмысқа қатысы жоқ, яғни кәсіби емес жағдайларда қызметкер өзі төлейді.
Швейцарияда зардап шеккен қызметкерге жұмыс беруші тарапынан алдын ала сыйақы есептелінеді. Сыйыақы көлемі өткен жылдың жалақысына байланысты жылдық есептердің негізінде беріледі. Бұл сома сондай-ақ келесі жылға алдын ала сыйақыны есептеу үшін де пайдаланылады. Соңғы деректерге сәйкес айлықтан алынатын ең жоғары сақтандыру табысы 148 200 Швейцариялық франк (582 365 049 теңге) болады.
Мәлімдеме: Германияда еңбек жайын жақсарту және жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шығын сақтандыру компанияларының есебінен ішінара қаржыланады.
Сенат депутаты Андрей Лукин
Үкім: Шындық
Германиядағы жазатайым оқиғалардан cақтандыру мекемесінің (DGUV) дерегіне сәйкес жұмыс уақытында зардап шеккендер жазатайым оқиғалардан сақтандыру компанияларының толық күтімімен және өтемақы жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Германияда тек қызметкерлер ғана емес, басқа да адамдар тобы сақтандыру қызметін пайдалана алады. Мысалы, мектепке баратын оқушылар, балабақшадағы балалар және т.б қоғамдық топтар. Бұл елде жазатайым оқиға ретінде ағзаға сырттан әсер ететін және денсаулыққа зиян келтірілген оқиғалар саналады. Алайда, кез келген сыртқы әсерсіз кездейсоқ жарақаттарға сақтандыру ақысы төленбейді. Мысалы: кенет мұрнынан қан кетсе немесе қызметкердің жүрегі ауырып қалған жайдаларда сақтандыру өтемақысы берілмейді. Сондай-ақ бұл елде міндетті сақтандыру ақысы материалды құндылықтармен ауыстырылмайды.
Қазақстанда сақтандыру жүйесі қандай?
Қазақстан Республикасының жұмысшы еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңынның 11-бабына сәйкес қызметкерлерді сақтандыру міндетті болып есептелінеді. Алайды осы заңның 22-бабы мен Азаматтық кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес келесідегідей жағдайларда сақтандыру төленбейді:
- Жұмыстың функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес жұмыстарды қызметкер өз бастамасы бойынша орындаған кезде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс, тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс кезінде орындаған кезде;
- Зардап шеккен адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның құмарлық және есірткі заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану негізгі себеп болған жағдайда;
- Өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде, сондай-ақ зардап шеккен адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
- Медициналық қорытындымен расталған, зардап шеккен адам денсаулығының өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны объективті түрде анықталса, олар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынуға жатпайды.
Қазақстанда да Швейцариядағы секілді сақтандырудан берілетін қаржы көлемі қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорына байланысты өзгеріп отырады. Жоғарыда жазылған заңның 16 бабына сәйкес сақтандыруға берілетін шектік сома жоқ. Тек барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауы тиіс.
Материалды дайындауға атсалысқан: Саламат Сабыркулов