Соңғы күндері Ауғанстандағы жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде көптеген видеолар мен суреттер тарап жатыр. Олардың көбі сол оқиғамен байланысты болса, кейбірі басқа уақытта не басқа жерде түсірілгені анықталды. Factcheck.kz редакциясы біразын тексеріп, анық-қанығына жетті. Солардың бірі – сәбиін америкалық сарбаздарға беріп жатқан сурет көпшілік арасында резонанс тудырған болатын, соны тексеріп көрдік.

Үкім: Шындық
Әлеуметтік желіде тараған сурет видеоның скрині. Видеоны 19 тамызда Кабулда Омар Хайдари есімді студент түсірген. Кабулдағы жағдайды баяндамақ болып түсірген видео өте әсерлі (кішкентай сәбиін америкалық сарбаздарға беріп жатыр) болғандықтан, түрлі медиалар (CNN, Reuters, Guardian) видеоның скринін таратуда. Омар Хайдари екі күннің ішінде 2,5 млн көрілім жинаған.
Ауғанстандағы жағдайға байланысты тек шынайы ақпаратқа әрі видео мен суреттерге сенуге шақырамыз, жалған ақпаратқа, манипуляцияға алданып қалмайық.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.