Журналист Амангелді Батырбеков ақталды

Қаңтардың 9-ы Түркістан облыстық сотының апелляция алқасы журналист Амангелді Батырбековтың ісі бойынша шешім шығарды. Сот журналистті ақтап шықты. Бұл жайлы “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты азаматтық белсенді, «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті “жала жабу” және “қорлау” бабымен айыптап, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Жәбірленуші Келес ауданының білім бөлімінің бастығы Бахтияр Абдиев. Ол туралы Батырбеков өзінің Facebook парақшасында бірқатар сыни мақалалар жариялаған еді.

«Азатық» радиосының хабарлауынша, бұған дейін халықаралық «Шекарасыз тілшілер» ұйымы (RSF) және «Журналистерді қорғау комитеті» (CPJ) Қазақстан билігін журналист Амангелді Батырбековті тез арада босатуға шақырған.

Factcheck.kz