Жалған: Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр

Әлеуметтік желіде Н.А. Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жайлы 🇰🇿CORONAVIRUS2020.KZ телеграмм каналы хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы материалға тиісті сараптама жүргізіп, оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық шаралар қабылдау тапсырылды.

Азаматтарды әлеуметтік желілер мен интернетте тексерілмеген ақпаратқа сенбеуін, тек ресми дереккөзге сенуін өтінеді. Сондай-ақ қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеді.

Factcheck.kz