WHO Academy және WHO Info мобильді қосымшалары іске қосылды

ДДСҰ COVID-19 пандемиясы кезінде денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау үшін WHO Academy және ақпараттық WHO Info мобильді қосымшаларының іске қосылғанын хабарлады.

WHO Academy

Қосымшада денсаулық сақтау қызметкерлері COVID-19 тақырыбы бойынша ДДСҰ-ның бай ақпараттық ресурстарын оқи алады. Оның үстіне COVID-19 жұқтырған науқастарға қарауға және өзін қорғауға көмектесетін өзекті ұсынымдарды, әдістемелерді оқып, виртуалды семинарларға қатыса алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесустың айтуынша жаңа мобильді қосымшаның арқасында кез-келген медицина қызметкері тегін білім ала алады.

2020 жылдың наурыз айында ДДСҰ академиясы денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сауалнама жүргізген еді. Сауалнама барысында қосымшаның қандай болу керегі жайлы сұрақтар қойылды. Сауалнамаға 20 000 қызметкер қатысты.

WHO Info

Бұл қосымша көмегімен соңғы жаңалықтар мен оқиғаларды қадағалауға мүмкіндік береді. СОVID-19 қарсы күреске арналған ДДСҰ-ның соңғы бастамалары мен серіктестіктері туралы мәліметтер болады.

Сондай-ақ аурудың алдын алу үшін дәрілік заттар мен вакциналар жайлы өзекті ақпарат ұсынылады. Қосымшада әлем бойынша вирус жұқтырғандарың саны туралы ДДСҰ-ның ресми ақпараты болады.

Қосымшаны App Store және Google Play Store дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады. Қосымшаларды араб, қытай, ағылшын, француз, орыс және испан тілдерінде пайдалануға болады.

Factcheck.kz