RT “либералды БАҚ” журналистерінің атынан мақала жариялаған

RT сайтында “либералды” БАҚ-та жұмыс істейтін журналистердің атынан анонимді сұхбаттан тұратын мақала жарияланды.

Бұл мақала 21 қазанда “Медиазона” басылымында осыған ұқсас ақпарат шыққаннан кейін пайда болды. Мақалада ресейлік федералды және аймақтық арналардың(тек кейбір БАҚ-тар ғана көрсетіледі) қызметкерлері сұхбат берген.

RT-да жарияланған материалда «Медуза», «Дождь» арнасы, The New Times, «Радио Свобода» және «Настоящее время» басылымдарының журналистері жайлы айтылады.

Мысалы, «Медуза» интернет-жобасының редакторы Григорий (материал авторларының айтуынша барлық кейіпкерлерің есімі өзгертілген) «Медузаның кейбір ресейлік коммерциялық құрылымдар мен аймақ басшылары алдында коммерциялық міндеттері бар. Сондықтан тек басшылық рұқсат еткен дүниелерді ғана жаза аламыз» деп айтады. Ригаға шақыру бойынша кеткен Григорий қызметкерлердің көбі €2,5-3 мың жалақыға қызығатынын айтады.

«Дождь» телеарнасының тілшісі Светлананың айтуынша “телеарнадан кәсіби журналистер кетіп қалған”. Светлана арнада қос стандарт пен цензураның барын айтады. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Михаил Зыгардың «Вся кремлёвская рать» атты кітабы жарық көргеннен кейін, арнаның бас редакторы эфирден шеттетілді. Кітап премьер-министр Дмитрий Медведевтің баспасөз хатшысына ұнамаса керек.

The New Times-пен бірлесіп жұмыс істеген Сергей “журналдың ешқашан шынайы тәуелсіз” болмағанын айтады. “Оның баспашысы және бас редакторы Евгений Альбац өз жұмысында қандай да бір бизнесмендердің, саясаткерлердің мүдделерін жақтайды, алайда оны жасырады” дейді.

“Радио Свобода” Мәскеу бюросы сайтының редакторы Елена RT материалында өз оқырмандарын “демшиза” деп атайды.

Ал «Настоящее время» телеарнасының қызметкері Петр әріптестерінің психологиясы туралы сұхбат береді. «Барлығы негізі өз пайдасын ойлайды: жыл соңында сыйақы қандай болады, 13-ші жалақы қанша болады, үй жалдағаны үшін өтемақы қандай болады және т.б. Олар өздерінің не істеп жатқанына мән беріп қарамайды» дейді. Сонымен қатар, ол іс жүзінде АҚШ Мемлекеттік департаментіне жұмыс істейтінін мойындайды. Петр «Настоящее время» және «Радио Свобода» орналасқан ғимараттың астында ядролық жарылысқа төтеп бере алатын бункердің барын айтады.

Tjournal хабарлауынша, ресейдегі мемлекеттік басылымдарға қатысы жоқ журналистер RT жариялаған мақалаға сауал жолдаған. «Медузаның» бұрынғы қызметкері Павел Борисов мақаладағы төрт тезисті жоққа шығарды.

https://twitter.com/3insy/status/1188763334860050432

Бұл материал ойдан шығарылғанына күмәніңіз болмауы үшін: 1) медузада көп төлемейді

2) біреудің шақыруымен жұмысқа орналасу мүмкін емес

3) шенеуніктермен проблемалар жоқ

4) цензура және аймақ басшылары туралы тіпті түсініктеме бермеймін

Медузаның тергеу бөлімінің бастығы Алексей Ковалев басылымның Рига кеңсесінде тілшілер жоқ екенін айтты.

Журналист Егор Максимовтың айтуынша, «Настоящее время»-да жұмыс істеу барысында мақалада айтылған он үшінші жалақыны мүлдем алмаған.

RT материалынан осы жылдар бойы менің 13-ші жалақым мен сыйақымды “отыз жастағы Петр” деген біреу алғанын түсіндім. Басқа себебі жоқ

«Настоящее время» журналисі Дмитрий Трещанин мақаладағы өзі айтып жүрген ядролық соққыға төтеп бере алатын бункер жайлы аңызды көріп, таң қалды.

Ең қызығы бункер жайлы аңызды көбіне мен айтамын

Factcheck.kz